ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "Музыкалық өнерден жаралған адам" - Колумбия журналы Димаш Құдайберген...

«Музыкалық өнерден жаралған адам» – Колумбия журналы Димаш Құдайберген туралы

Dimash World "Музыкалық өнерден жаралған адам" - Колумбия журналы Димаш Құдайберген туралы

«Музыкалық өнерден жаралған адам» – Колумбия журналы Димаш Құдайберген туралы

Колумбиялық Cronopio мәдени және әдеби журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы материал жариялады. Мақалада автор әншінің шығармашылық өміріндегі маңызды эпизод туралы айтады.

Cronopio 15 жыл бұрын құрылған проза, поэзия, эссе, сын, сұхбат және шолулар сияқты әр түрлі әдеби жанрларға арналған алғашқы колумбиялық цифрлық журналдардың бірі. Өз мақаласында журналист Beatriz Elena Mejía Hidalgo Димашты феномен ретінде оның таланты мен бүкіл әлем көрермендерін баурап алу қабілетін ерекше атап өтеді.

Басылым атап өткендей, әнші 2022 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында әлемдік аудиторияның назарын аударды. Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы бокстан жекпе-жек басталар алдында Димаш спорт аренасында Қазақстанның әнұранын орындаған болатын. Димаштың есімін трендке айналдырған терең сезімге толы қойылым 20 мың көрерменнің қошеметіне ие болды. Сол қойылым кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған еді.

«ESPN және Disney Media комментаторлары оны «вокал құбыжығы» деп атап, әлемде мұндай дауыс жоқ екенін атап өтті», – деп жазады Cronopio.

Бала кезінен Димаш өмірін музыкаға арнады. Қазір ол 15 тілде ән айтып, көптеген музыкалық жанрларды орындай алады. Оның таланты тек техникалық сипаттамаларда ғана емес, сонымен қатар ән арқылы әр түрлі эмоцияларды жеткізе білуінде.

«Димаш әнші ғана емес, сонымен қатар, ол музыкант, композитор және продюсер. Отыз жасында ол әлем бойынша 60 – тан астам беделді марапаттарға ие болды», – дейді мақала авторы.

Толық мәліметті сілтемеден оқи аласыздар: https://revistacronopio.com/descubriendo-al-genio-prodigio-superhumano-el-arte-musical-hecho-hombre-beatriz-elena-mejia-hidalgo/

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...