ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Сингапурдағы қайырымдылық концертінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Сингапурдағы қайырымдылық концертінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Сингапурдағы қайырымдылық концертінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Сингапурдағы қайырымдылық концертінде өнер көрсетті

2024 жылғы 21 қазанда Сингапурда Virtuosos Charity Concert event атты үлкен қайырымдылық іс – шара өтті.

Virtuosos жобасы жеңімпаздарының Гала-концертіСингапурда үшінші рет ұйымдастырылуда.

Биылғы жылы концерттің жұлдызды қонақтары өткен жылғы Virtuosos жобасының қазылар алқасының мүшелері, әлемдік деңгейдегі музыканттар – виолончелист Степан Хаузер мен вокалист Димаш Құдайберген болды.

Star орындаушылық өнер орталығының сахнасында Питер Пейцик басқарған Сингапур симфониялық оркестрі – арфа, фортепиано, скрипка, кларнет, виолончель және Orchestra of the Music Makers сүйемелдеуімен Бах И.С., Лист Ф., Брамс И.,  Генсон Д., Циммер Х. және басқа да әлемдік композиторлардың шығармалары орындалды.

Қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген өз репертуарынан бірнеше туындыларын ұсынды. Димаш қытай тілінде «Autumn Strong» әнін жеке орындаса, ал француз тілінде «Sos d’un terrien en détress» виолончелист Хаузермен бірге оркестрдің сүйемелдеуімен дуэт жасады. Сондай – ақ, Димаш ағылшын тілінде «Queen» тобының ең танымал шығармаларының бірі «The Show Must Go On» әнін шырқады. Сондай-ақ, опера әншісі Ильдико Медьимореч, жас музыканттар мен оркестрдің сүйемелдеуімен Майкл Джексонның «Heal the World» туындысын орындады.

Жоба аясында Димаш пен Хаузер өз жанкүйерлеріне «Sos d’un terrien en détress» композициясының бірлескен орындауындағы бейне дайындады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуде: «Мейірімге толы қолдар, бұйымдар мен жылы сезімдер»

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында Астанадағы DQ Dears Astana жанкүйерлері мен Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фан-клубы және Dimash Ukraine Dears...

Димаштың әніне қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен испаниялық гимнаст турнирде жүлдеге ие болды

1 мамыр күні Овьедода (Испания) өткен Liga de las Estrellas халықаралық турнирінде Димаш Құдайбергеннің музыкасына қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері Патагония ормандарын қалпына келтіруге арналған 46 көшет сыйға тартты

Аргентина, Уругвай, Венесуэла және Мексика елдеріндегі Димаштың Together for Dimash халықаралық фан-қоғамдастығы Аргентинаның Патагония өңіріндегі орман алқаптарын қалпына келтіруге...

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері мектепке музыкалық аспаптар тарту етіп, өнерпаздың атымен кабинет ашты

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері музыкалық аспаптарға мұқтаж білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық бастаманы іске қосты. Жобаның мақсаты...

Димаш Құдайберген Бейжіңде өткен шығармашылық семинарға қатысып, «Voice Beyond Horizon» жобасының көрермендері мен командасына өз алғысын жеткізді

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығында Қытай–Қазақстан бірлескен «Voice Beyond Horizon» жобасына арналған шығармашылық семинар өтті. Іс-шара...