ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш...

БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген босқындар лагерлеріндегі гуманитарлық операциялармен танысты

Dimash World БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген босқындар лагерлеріндегі...

БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген босқындар лагерлеріндегі гуманитарлық операциялармен танысты

Димаш Құдайбергеннің Бангладешке жасаған гуманитарлық сапары туралы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз. Бұл сапар барысында өнер иесі гуманитарлық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен және мәжбүрлі қоныс аударушылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Бангладештегі іссапарының екінші күні БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген мәжбүрлі қоныс аударушыларға арналған лагерьлердің бірінде орналасқан SAFE Plus бағдарламасы қолдауы аясында сұйытылған мұнай газын тарату пунктіне барды.

Аталған пункт тамақ дайындауға арналған экологиялық таза энергия көздеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай энергия көздерін пайдалану денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді азайтып, ағаш ресурстарын тұтынуды қысқарту арқылы қоршаған ортаға түсетін қауіпті төмендетеді.

Тұтыну нормаларына сәйкес әрбір отбасы сұйытылған газ баллондарымен қамтамасыз етіліп, белгіленген кесте бойынша оларды қайта толтыру жұмыстары жүргізіледі. Ай сайын бұл бағдарламаға 6 миллион АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалғанына қарамастан, инфрақұрылым жеткіліксіз жағдайларда халықты қамтамасыз етудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады.

Димаштың гуманитарлық миссиясындағы келесі пункт алғашқы медициналық көмек көрсету мекемесі болды. Мұнда балалар, ересектер және қарт адамдар негізгі медициналық қызметтерді алып, жоспарлы вакцинациядан өтіп, зертханалық талдаулар тапсырып, сондай-ақ рентгенологиялық тексеруден өте алады.

Қажет болған жағдайда мамандар шұғыл медициналық көмек көрсетіп, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды емдеуді жүзеге асырады, ал ауыр жағдайдағы науқастар жедел жәрдем көліктерімен қалалық клиникаларға жеткізіледі.

Медициналық мекеме сондай-ақ репродуктивтік денсаулық мәселелерімен айналысып, психологиялық және әлеуметтік-медициналық қолдау көрсетеді.

Қазіргі уақытта Кокс-Базар өңіріндегі 33 лагерьде ауыр жағдайда өмір сүріп жатқан бір миллионнан астам мәжбүрлі қоныс аударушылар күн сайын түрлі қиындықтарға тап болуда.

Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) — БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі Бангладеш Үкіметімен және халықаралық серіктестермен бірлесіп, гуманитарлық көмек пен негізгі қызметтерге әлі де мұқтаж жүздеген мың лагерь тұрғындарын қолдау жұмыстарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...