ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Dimash World Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Бангладешке гуманитарлық миссия аясындағы іссапары барысында БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының мәжбүрлі қоныс аударушылар тіршілігін қамтамасыз ету бағытындағы қызметімен танысты. Ол жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, туған жерін амалсыз тастап кеткен отбасылардың ауыр тағдырларына қанықты.

Сондай-ақ Кокс-Базардағы лагерьлердің бірінде Димаш үндеу жолдады:

«Қазіргі уақытта мен әлемдегі ең ірі мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар лагері орналасқан Кокс-Базардамын.

Мен мұнда Халықаралық көші-қон ұйымы мен оның серіктестерінің рохинджа мәжбүрлі қоныс аударушылары мен қабылдаушы қауымдастықтарға көрсетіп жатқан ауқымды көмегінің куәсі болдым. Бұл қолдау арқылы қауіпсіз баспана және күнделікті қажетті заттар, соның ішінде тамақ әзірлеуге арналған таза отын, медициналық және психологиялық көмек көрсетуге дейінгі кешенді шаралар қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ мен ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелердің, әке мен шешенің және сәбилердің жүрек сыздатар тағдырларымен таныстым. Олардың ең үлкендері өз үйлерін бірнеше мәрте тастап кетуге мәжбүр болса, ал ең кішкентайлары дәл осы Кокс-Базарда дүниеге келген.

Менің бұл жерден жолдайтын үндеуім қарапайым: ынтымақтастық, қолдау және мәселені шешу. Рохинджа мәжбүрлі қоныс аударушыларын еш естен шығармайық!»

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...