ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығында қайырымдылық акциясын...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Димаштың туған күні қарсаңында жанкүйерлері дәстүрлі түрде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. “Phoenix Twitter Dears” халықаралық фан-клубы Алматыдағы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған хосписке қолдау көрсетуді ұйғарды.

«Балалардың жанарында ғажайыптар, періштелердің күлкісі мен мейірімге толы ертегілер өмір сүреді дейді… Алайда бұл балалардың көзқарасының ар жағында төзгісіз ауырсыну, қорқыныш пен өмірге деген зор құштарлық жатыр», – деп өз әсерлерімен бөлісті Dears өкілдері.

Өнер иесінің жанкүйерлері «Мен сенімен біргемін» атты балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығына жасаған сапары туралы былай дейді:

«Біз, ең алдымен, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға үнемі көмек көрсетіп жүретін Димаштың өзінен шабыт аламыз. Бұл орталық қайырымдылық қаражаттарының есебінен жұмыс істейді. Сондықтан оның туған күніне орай осы хосписке қаржылай көмек көрсетіп, кішкентай балаларға қолдан келгенше қолдау білдіруді жөн көрдік.

Қазіргі уақытта орталық Алматы қаласында екінші, яғни қалалық корпустың құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл үшін қаражат қажет, себебі арнайы медициналық жабдықтар сатып алынуы тиіс. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде, кейін қажетті құрал-жабдықтар алынады. Болашақта мұнда онкологиялық және өзге де ауыр дертке шалдыққан балаларға, соның ішінде жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар ашылады».

Соңғы жаңалықтар

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...