ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай және Әбілмансұр Құдайберген EuroNews Culture...

Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай және Әбілмансұр Құдайберген EuroNews Culture “Орталық Азия даусы” жобасына қатысты

Әлем Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай және Әбілмансұр Құдайберген EuroNews Culture “Орталық Азия даусы”...

Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай және Әбілмансұр Құдайберген EuroNews Culture “Орталық Азия даусы” жобасына қатысты

«Домбыраны жаһандық деңгейге шығару: қазақстандық дуэттің дәстүрлі аспапты заманауи форматта жаңғыртуы» атты EuroNews сайтында қазақстандық домбырашылар «Temirlan & Ernat» дуэті туралы жазуда.

EuroNews Culture «Орталық Азия даусы» жобасында Темірлан мен Ернат өздерінің он жылға жуық уақытқа созылған шығармашылық ынтымақтастығы мен түрлі байқауларға қатысу тәжірибесімен бөліседі. Мондай-ақ, олар домбыраны жаңа деңгейге көтеріп, оны әлемдік аудиторияға таныстыру жөніндегі негізгі мақсаттарымен де бөлісті.

 

Музыканттардың айтуынша, шетелдік аудиторияны әсіресе қазақтың дәстүрлі аспабы — домбыраның мәнерлі мүмкіндігі таңғалдырады. Ернаттың пікірінше, домбыраның заманауи орындалуы халықаралық көрерменге ерекше әсер қалдырады. Ол екі ішекті аспап арқылы Паганини мен Моцарт шығармалары секілді күрделі музыкалық туындыларды орындау көпшілік үшін күтпеген құбылыс екенін атап өтеді. Тыңдарман мұндай орындауды тікелей естіген кезде, олардың шынайы таңданысы айқын байқалады.

Темірланның сөзінше, дуэттің басты мақсаты алғашқы күннен бастап домбыраны халықаралық мәдени кеңістікке шығару болған. Музыканттардың барлық шығармашылық қызметі осы идеяны жүзеге асыруға бағытталған.

Аталған шығармашылық жолда әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де маңызды рөл атқарған. Темірланның айтуынша, дуэт құру идеясы студенттік кезеңде қалыптаса бастаған және бұл үдеріске Димашпен арадағы достық қарым-қатынас та ықпал еткен. Кейін Димаш музыканттарды өзінің «Stranger» әлемдік турына шақырып, Германия, Испания, Ұлыбритания және АҚШ секілді мемлекеттерді қамтыған үш құрлықтағы 13 елде ірі концерттік алаңдарда өнер көрсетеді.

Музыканттар Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайбергенмен әлемдік тур барысында бірлескен концерттер өткізгеннен кейін шығармашылық ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдап, оны өздерінің «Alem» турнесіне қатысуға шақырады.

Әбілмансұрдың айтуынша, домбыра оның музыкалық жолындағы алғашқы әрі маңызды аспап болған. Ол домбыраның басқа музыкалық аспаптарды меңгеруіне жол ашқанын атап өтеді. Тур аясындағы концерттерде Әбілмансұр гитарада авторлық композицияларын орындап, кейін фортепианода Димаш әндерінің аспаптық нұсқаларын ұсынады. Сондай-ақ, концерт барысында көрермендер экранда берілген мәтін арқылы әндерді бірге орындап, ерекше көңіл-күйге бөленеді.

Қазіргі уақытта дуэт шығармашылық дамудың жаңа кезеңін — домбыра өнерін стадиондық форматтағы концерттік алаңдарға шығаруды мақсат етіп отыр. Ұжымның он жылдық мерейтойына орай ауқымды концерттік бағдарламалар жоспарланып, дәстүрлі аспаптық музыканы көпшілікпен бірге орындау мәдениетін қалыптастыру идеясы ұсынылуда.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...