ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Мәдени мұра және музыка: Димаш Кокс-Базардағы рохинджа қауымдастығының музыканттарымен...

Мәдени мұра және музыка: Димаш Кокс-Базардағы рохинджа қауымдастығының музыканттарымен кездесті

Dimash World Мәдени мұра және музыка: Димаш Кокс-Базардағы рохинджа қауымдастығының музыканттарымен кездесті

Мәдени мұра және музыка: Димаш Кокс-Базардағы рохинджа қауымдастығының музыканттарымен кездесті

18 мамыр күні Бангладешке БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі ізгі ниет елшісі ретіндегі гуманитарлық миссиясы аясында барған Димаш Құдайберген рохинджа қауымдастығының музыканттарымен кездесті.


Рохинджа мәдени мұра орталығында тағдыр тәлкегімен туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдар ұлттық өнердің құндылықтарын ұқыптылықпен жинақтап, сақтап әрі өзара бөлісіп келеді. Олар артынан ерген жастарына өз халқының тарихын таныстырып, дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнап, уақытша қоныстанудың күрделі жағдайына қарамастан, музыкалық аспаптар жасаумен де айналысады.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Қазақстаннан келген қонақты музыканттар музыкалық сәлемдесумен қарсы алды. Скрипкашы Рошид Ахмед, барабаншы Имам Хоссейн, мультиаспапшы әрі музыка пәнінің оқытушылары Саббир Ахмед пен Мостафа Хатун, композиторлар, мандолинашылар мен әншілер Мохаммед Юсуф және Ахмед Хоссен, сондай-ақ музыка пәнінің оқытушысы, аспап жасаушы шебер, әнші әрі мультиаспапшы Хамид Улла Димашқа және Димаштың келуіне орай екі музыкалық туынды дайындаған.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Димаш дәстүрлі музыкалық аспаптарға зор қызығушылық таныта отырып жергілікті музыканттармен бірге шағын музыкалық сессияға қатысты. Ол рохинджа мәдени мұра орталығы сыйға тартқан мандолинада белгілі музыкалық шығармалардан үзінділер орындады.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Бүгінде жүздеген мың қоныс аударушы мекендейтін Кокс-Базар әлемдегі ең ірі босқындар лагерлерінің бірі саналады. Тұрмыстық жағдайдың күрделілігіне қарамастан, мәдениет орталығында музыканың үні, балалар күлкісі мен адамдарға өз негізі, түп-тамырымен байланысын сақтауға көмектесетін осындай іс-шаралар әлі де жалғасып келеді.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...