ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне барды

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне барды

Dimash World Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне барды

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне барды

18 мамыр күні гуманитарлық миссиямен Бангладешке келген БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі Жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Бангладештегі мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне сапар шекті.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Кокс-Базар аумағында өз үйлерін тастап, мәжбүрлі түрде қоныс аударған миллионнан астам адам тұрады. Бұл лагерьлер көшкін, су тасқыны, өрт және циклон секілді табиғи апат қаупі жоғары аймақтарда орналасқан. Адамдар қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін тығыз, әлсіз әрі жиі жөндеуді қажет ететін жерлерде өмір сүруге мәжбүр.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі (IOM) Shelter/CCCM Sector тұрғын үймен қамтамасыз ету секторы және Бангладеш үкіметімен бірлесіп, 17 лагерьде баспана мен алғашқы қажетті тұрмыстық заттарды жеткізу бағытындағы жұмыстарды атқарып отыр.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Димаш делегация құрамында лагерьдегі тұрғын үй тарату пунктіне барып, мәжбүрлі қоныс аударушыларды баспанамен және алғашқы қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралармен танысты. Сонымен қатар орталықтың мамандары тұрғындарды үй құрылысы және жөндеу дағдыларына үйрету жұмыстарын да жүргізуде.

Мәдени жады орталығында Димаш жергілікті қауымдастықтардың өнер арқылы әлеуметтік әл-ауқатты нығайту және ұжымдық бірегейлікті сақтау мақсатында жүзеге асырып жатқан бастамаларын зерделеді. Бұл жерде туған жерінен айырылған адамдар өз халқының тарихымен бөлісіп, мәдени жадты сақтау үшін ана тілін, музыкасын үйреніп, ұлттық дәстүрлерін жаңғыртуға барынша күш салады.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Сапар барысында Димаш жергілікті музыканттармен және ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын шеберлермен жүздесті. Жас орындаушылар мандолина, скрипка, барабан және басқа да аспаптарда ойнап, жаңа туындылар жазумен қатар, өз қауымдастығының мәдени дәстүрлерін сақтауға үлес қосуда.

Қонақжайлық белгісі ретінде музыканттар Димашқа жергілікті шеберлер қолынан шыққан қолдан жасалған мандолинаны сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...