ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген БҰҰ агенттігі – ХКҰ жаһандық ізгі ниет...

Димаш Құдайберген БҰҰ агенттігі – ХКҰ жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде гуманитарлық миссиямен Бангладешке келді

Dimash World Димаш Құдайберген БҰҰ агенттігі – ХКҰ жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде гуманитарлық...

Димаш Құдайберген БҰҰ агенттігі – ХКҰ жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде гуманитарлық миссиямен Бангладешке келді

2026 жылғы 17 мамырда БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Кокс-Базар өңіріне келді.


Кокс-Базар ауданында тұрақты гуманитарлық қолдауды қажет ететін мәжбүрлі қоныс аударған адамдардың едәуір бөлігі тұрады.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Халықаралық ұйымдар мен жергілікті серіктестер тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.

Бұл өңір климаттық және табиғи қауіп-қатерлерге байланысты қосымша сын-қатерлерге де тап болып отыр. Атап айтқанда, маусымдық су тасқындары мен циклондар гуманитарлық қызметтің жүзеге асырылуын және жергілікті қауымдастықтардың тұрмыс жағдайын күрделендіруде.

Photo by: Hossain Ahammod Masum/IOM Bangladesh 2026

Гуманитарлық миссия аясында Халықаралық көші-қон ұйымының Кокс-Базар өңіріндегі гуманитарлық бастамаларымен танысуға, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын гуманитарлық қолдау мен өңірдің даму мәселелеріне аударуға бағытталған бірқатар кездесулер мен сапарлар жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...