ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өтетін VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өтетін VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

Dimash World Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өтетін VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өтетін VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

23 мамыр Димаш Құдайберген Ыстанбұл қаласында өтетін VIII Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында өнер көрсетеді.

Аталмыш іс-шара Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен 21–24 мамыр аралығында Ататүрік атындағы әуежай аумағында өтеді.

Фестиваль бағдарламасы дәстүрлі спорт түрлері мен ұлттық ойындарды, қолөнер көрмелерін, гастрономиялық аймақтарды, театрландырылған қойылымдар мен шығармашылық кештерді қамтиды.

2025 жылы фестивальге бір миллион адам қатысқан болса, ұйымдастырушылар биыл келушілер санын 1,5 миллионға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 23 мамырда Türk Telekom басты сахнасында концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. Концерттің басталу уақыты — жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00.

Фестиваль аясындағы барлық іс-шаралар көпшілік үшін тегін.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...