ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "Музыкалық өнерден жаралған адам" - Колумбия журналы Димаш Құдайберген...

«Музыкалық өнерден жаралған адам» — Колумбия журналы Димаш Құдайберген туралы

Dimash World "Музыкалық өнерден жаралған адам" - Колумбия журналы Димаш Құдайберген туралы

«Музыкалық өнерден жаралған адам» — Колумбия журналы Димаш Құдайберген туралы

Колумбиялық Cronopio мәдени және әдеби журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы материал жариялады. Мақалада автор әншінің шығармашылық өміріндегі маңызды эпизод туралы айтады.

Cronopio 15 жыл бұрын құрылған проза, поэзия, эссе, сын, сұхбат және шолулар сияқты әр түрлі әдеби жанрларға арналған алғашқы колумбиялық цифрлық журналдардың бірі. Өз мақаласында журналист Beatriz Elena Mejía Hidalgo Димашты феномен ретінде оның таланты мен бүкіл әлем көрермендерін баурап алу қабілетін ерекше атап өтеді.

Басылым атап өткендей, әнші 2022 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында әлемдік аудиторияның назарын аударды. Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы бокстан жекпе-жек басталар алдында Димаш спорт аренасында Қазақстанның әнұранын орындаған болатын. Димаштың есімін трендке айналдырған терең сезімге толы қойылым 20 мың көрерменнің қошеметіне ие болды. Сол қойылым кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған еді.

«ESPN және Disney Media комментаторлары оны «вокал құбыжығы» деп атап, әлемде мұндай дауыс жоқ екенін атап өтті», — деп жазады Cronopio.

Бала кезінен Димаш өмірін музыкаға арнады. Қазір ол 15 тілде ән айтып, көптеген музыкалық жанрларды орындай алады. Оның таланты тек техникалық сипаттамаларда ғана емес, сонымен қатар ән арқылы әр түрлі эмоцияларды жеткізе білуінде.

«Димаш әнші ғана емес, сонымен қатар, ол музыкант, композитор және продюсер. Отыз жасында ол әлем бойынша 60 — тан астам беделді марапаттарға ие болды», — дейді мақала авторы.

Толық мәліметті сілтемеден оқи аласыздар: https://revistacronopio.com/descubriendo-al-genio-prodigio-superhumano-el-arte-musical-hecho-hombre-beatriz-elena-mejia-hidalgo/

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...