ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "О'кей": Димаш Игорь Крутоймен бірге жаңа композиция ұсынады

«О’кей»: Димаш Игорь Крутоймен бірге жаңа композиция ұсынады

Dimash World "О'кей": Димаш Игорь Крутоймен бірге жаңа композиция ұсынады

«О’кей»: Димаш Игорь Крутоймен бірге жаңа композиция ұсынады

2022 жылдың 18 ақпанында Димаш Құдайберген Санкт-Петербургке келіп, өзінің жаңа музыкалық бейнесінің түсіріліміне кірісті.

Димаштың «О’кей» атты жаңа композициясының премьерасы 5 наурызда Ресейдің НТВ телеарнасындағы «Орталық теледидар» бағдарламасында өтеді. Әннің авторлары — Танымал ресейлік композиторлар Игорь Крутой мен Игорь Николаев.

Қазіргі заманғы музыка мен классикалық дыбыс элементтерін органикалық түрде біріктіретін композицияда лирикалық кейіпкер өткен махаббат туралы естеліктерге бой алдырады.

Алайда, айрылысу туралы ащы шешімге қарамастан, кейіпкер оны батыл тыныштықпен қарсы алады. Қоштасу үшін ол өзінің бұрынғы сүйіктісіне бұл оқиғаға өкінбеуін тілейді, ол аяқталғанына қарамастан: «жылама, өкінбе. Көз жасыңды сүрт» — дейді.

Бүгін таңертең Димаш Құдайберген Санкт-Петербургке музыкалық бейнебаян түсіруге келді.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап әртіс Қытайда болды, ол 追光吧 / Shine! Super brother / Жарықа ұмтыл жобасының түсірілімі үшін келген болатын. Шоудың алғашқы шығарылымы 2021 жылдың 20 қарашасында Dragon TV және Youku.com. телеарналарында көрсетілген болатын.

2022 жылдың 29 қаңтарында жоба жеңімпазы анықталды. Димаштың командасы «Жарық жылдамдығынан алты есе жылдам» деп танылды.

Қытайда болған кезінде әнші Sailing 2022 жаңа жылдық гала-концерті, CCTV Global Chinese Music Charts гала-концерті, Silk Road International Film Festival халықаралық кинофестивалі, Action League Charity Award Ceremony рәсімі және басқа да көптеген ірі іс-шараларға қатысып үлгерді.

2022 жылдың 3 қаңтарында Димаш 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ресми ұранына айналған музыкалық бейнебаянына қатысты.

2022 жылғы 25 наурыздан бастап, ұзаққа созылған пандемиядан кейін Димаш өзінің концерттік қызметін қайта бастайды. Оның алғашқы шоуы БАӘ-нің ең ірі қаласы Дубайда өтеді. Одан кейін концерттер Минск (Беларусь), Дюссельдорф (Германия) және Прага (Чехия) қалаларында өтеді.

Димаштың Дубайдағы шоуына билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://band.link/Dimash_Qudaibergen

Соңғы жаңалықтар

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...