ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "Өз жолымды табу үшін ұшамын": Димаштың "Жаңа толқындағы" тағы...

«Өз жолымды табу үшін ұшамын»: Димаштың «Жаңа толқындағы» тағы бір премьерасы

Dimash World "Өз жолымды табу үшін ұшамын": Димаштың "Жаңа толқындағы" тағы бір премьерасы

«Өз жолымды табу үшін ұшамын»: Димаштың «Жаңа толқындағы» тағы бір премьерасы

24 тамызда Сочиде өткен «Жаңа толқын 2021» фестивалінде Димаш Құдайберген «Fly away» («Ұшамын») жаңа композициясын көпшілік назарына ұсынды. Ән авторлары DimashNews редакциясына оның құрылу тарихы туралы бөлісті.

Көрермендермен кездесуді ұзақ күткеннен кейін «Жаңа толқын» фестивалі, Димаш пен оның жанкүйерлері үшін ұзаққа созылған әлемдік пандемиядан кейінгі уақыттың орынын толтыруға тамаша мүмкіндік болды. Әртіс көрермендер алдында өнер көрсетіп қана қоймай, өзінің жаңа туындыларын түрлі жанрда ұсынды.

Фестивальдің ашылуында Димаш Шығыс стилистикасындағы «Stranger» жарқын және ерекше композициясын ұсынды, ал «Премьера күнінде» би ырғағындағы «Fly away» әні мүлде басқа бейнеде көрсетілді.

Динамикалық трек жастар аудиториясына бағытталған. Ән мәтініндегі «ұшу» сынды сөздері барлық мәселелер мен келіспеушіліктерден арылуға көмектеседі және бостандыққа, өзін іздеуге жол ашады.

«Мен өз жолымды табу үшін ұшамын.
Мен сол жаққа ұшқым келеді, мені босатыңыз,
Мені ешкім басқара алмайтын жерге,
Мен бұдан да көп нәрсені іздеу үшін,
Мен өз жолымды табу үшін алысқа ұшамын».

Димашқа арналған әнді қазақстандық авторлар – музыка индустриясында жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан композитор Еділжан Ғаббасов және мәтін авторы ретінде қайтадан бой көрсеткен орындаушының бэк-вокалисті Джордан Аракелян жазды.

Еділжан Ғаббасов композицияның әуені мен негізгі желісі қысқа уақытта пайда болғанын айтады. Содан кейін 2-3 ай ішінде музыканттар тобы трекпен жұмыс істеді.

«Шабыт маған бір күні кешкілік тыныш уақытта келді, менің басымда кенеттен әуен пайда болды. Мен оны дауыстап айта бастадым, Димаштың дауысын бірден есіме түсірдім. Сол кезде мен оның осы әнді шырқағанын қалар едім деп ойладым», – деді Еділжан.

Димаштың «Give Me Your Love» және «Be With Me» сияқты хиттарының мәтінін жазған автор Джордан Аракелян да жаңа тректе қалай жұмыс істегенімен бөлісті:

«Димаш әрдайым әннің не туралы болуы керектігін алдын ала айтады және оған мән береді. Ол жаңа композициялардың демосын шырқағанда, Димаш оларды мәтінсіз шырқаса да, белгілі бір сөздерді тыңдауға болады. «Fly away» жаңа композициясы – рухани және шығармашылық еркіндік пен ой еркіндігі туралы ән».

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...