ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Қайырымдылыққа 30 жыл: «Ойыншықтар мерекесі» Латын Америкасы балаларына ерекше...

Қайырымдылыққа 30 жыл: «Ойыншықтар мерекесі» Латын Америкасы балаларына ерекше қуаныш сыйлайды

Dears Қайырымдылыққа 30 жыл: «Ойыншықтар мерекесі» Латын Америкасы балаларына ерекше қуаныш сыйлайды

Қайырымдылыққа 30 жыл: «Ойыншықтар мерекесі» Латын Америкасы балаларына ерекше қуаныш сыйлайды

Димаштың Мексикадағы фан-клубы үшінші жыл қатарынан 30 жылдығын тойлап жатқан жаһандық “Ойыншықтар мерекесі” фестивалімен бірігіп жұмыс атқаруда. Бұл ауқымды қайырымдылық жобасы әлемдегі ең үлкен ойыншықтарды жинау шарасына айналды. Оның басты мақсаты – Мексика мен Латын Америкадағы аз қамтылған отбасы балаларына қуаныш сыйлау болатын.

Биыл да дәл бұрынғыдай жоба аясында Димаш Құдайбергеннің атынан көптеген ойыншықтар сыйға тартылды. 6 қаңтарда, Үш патша атты мереке қарсаңында сыйлықтар өздерінің кішкентай адресаттарын тауып, риясыз көмектің маңыздылығын тағы да еске салды.

“Ойыншықтар мерекесі” атты фестиваль риясыз көңілмен балаларға қуаныш сыйлаған жүздеген адамдардың тарапынан ұйымдастырылды. Бұл жоба балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, оларды игі істерге шабыттандырады: мысалы, бір кездері ойыншық алған балалардың көбі кейін қайырымдылық шараларының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына айналған да жағдайлар жиі кездеседі.

«Ойыншықтар фестивалі» жай ғана акция емес, бұл көмек қолын созуға құштар адамдарды біріктіріп, жасап жатқан істерін игі дәстүрге айналдырудың үлгісі. TV Azteca, Grupo Salinas және олардың серіктестері, соның ішінде ЮНИСЕФ-тің арқасында жыл сайын мыңдаған балаларға арманындағы сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...