ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Чилилік Пабло Ромеро Димаш образында «Менің есімім» шоуының жартылай...

Чилилік Пабло Ромеро Димаш образында «Менің есімім» шоуының жартылай финалына шықты

Басты жаңалық Чилилік Пабло Ромеро Димаш образында «Менің есімім» шоуының жартылай финалына шықты

Чилилік Пабло Ромеро Димаш образында «Менің есімім» шоуының жартылай финалына шықты

7 қаңтарда Чилидің оңтүстігінде орналасқан Чильян қаласынан 22 жастағы Пабло Ромеро Чилидің ең ірі TVN телеарнасында көрсетілетін танымал «My Name Is» шоуының жартылай финалына сәтті өтті. Пабло қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесінде «Кiм Екен» композициясын орындады.

Жас орындаушының жетістікке жету жолы оңай болған жоқ. Ол алғаш рет жергілікті байқауда Димаштың образымен шығып, екінші орынға ие болды. Кейінірек Лос-Анджелес қаласында өткен имитаторлардың шоуында өнер көрсетіп, тәжірибелі әртістермен бәсекелесіп, үшінші орынды жеңіп алды. Дәл сол кезде оның талантын Димаштың Dears деп аталатын жанкүйерлері байқайды.

Жартылай финалда Пабло тек жергілікті жанкүйерлерден ғана емес, сонымен бірге әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears-тан да қолдау тапты.

«Мен Димаштың өнерін 2018 жылы интернеттен іздеп, өзім үшін жаңалық ашқандай болдым. Оның даусы бұрын соңды ешбір жерден кездестірмеген ерекше дауыс. «Менің есімім» шоуына қатысуыма әсіресе, Димаштың шығармашылығы түрткі болды.
Басында сахнаға шығудан қорыққандықтан өнер көрсетуге қобалжыдым, бірақ соңында ол қорқынышымды да жеңе алдым. Оған қоса, мені қолдауға әлемнің түкпір-түкпірінен Dears келді. Бұл маған үлкен қуаныш сыйлап, мені шабыттандырды.
Сөзсіз мен өзімді жеңімпаз сезінемін, өйткені мен Димаштың өнерін өзім елестеткеннен де жоғары деңгейде алып шықтым. Мен бұл істі Димашқа және оның мәдениетіне деген үлкен құрметтің арқасында жасап жатырмын».

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...

Димаш Шахтерлер күніне арналған мерекелік концертке қатысу үшін Қарағанды қаласына келді

28 тамызда Димаш пен оның командасы ауқымды жобаға қатысу үшін Қарағандыға келді. Бүгінде репетициялар қызу жүріп жатыр. Ал ертең Димаш...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара...

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...