ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада - Димаш Dragon TV жобасына...

Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада — Димаш Dragon TV жобасына қатысты

Dimash World Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада - Димаш Dragon TV жобасына қатысты

Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада — Димаш Dragon TV жобасына қатысты

18 тамызда Қытайдың Dragon TV арнасында “我们的歌 Our Song” / “Біздің ән” ауқымды эстрадалық шоуының кезекті бөлімі көрсетілді. Бағдарлама әртүрлі жас пен стильдегі өнерпаздармен серіктестік құру үшін Қытайдан және басқа елдерден музыканттардың бірнеше буынын шақырады.

Бұл жоба арқылы әртүрлі музыкалық мәдениеттер бірігіп, әдеттегі конкурстық жүйелер де жаңғырып, әр алуан аймақтардан мен ұлттардан және стильдерден құралған 30-дан астам әншілер өз дәуірінің алтын әндерін орындайды. Сондай-ақ, фьюжн-хиттердің бірігуі арқылы дәстүрлі музыкалық жобалардың шекарасы жойылады.

Жаңа бөлімде бағдарлама қонағы «Eagle Boy» кодтық есімді орындаушы болды. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері өздерінің сүйікті әншісін еш ойланбастан бірден тапты. Өйткені қыран (бүркіт) бейнесі Қазақстан Республикасының негізгі геральдикалық атрибуттарының бірі болып табылады. Бүркіт — еркіндік пен адалдықты, батылдық пен абыройды, күш-қайрат пен ой тазалығын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

Бұл кеште Димаш лирикалық ән мен би жанрындағы үлкен музыкалық формаларды орындап, қытайлық көрермендерді өнерімен баурап алды. Әнші Джордан Аракелянның сөзіне жазылған «Give me your love» туындысын вокалдық шеберлік пен динамикалық хореографияны үйлестіре отырып, өзінің түпнұсқа композициясын орындады. Ән алғаш рет 2019 жылы Мәскеуде Димаштың жеке концертінде орындалып, содан бері Майкл Джексонға трибьют ретінде бұл шығарма әншінің әрбір жеке шоуында шырқалып жүр.

Димаштың «我们的歌 Our Song» / «Біздің ән» жобасына қатысуы келесі шығарылымда жалғасын табады. Бізбен бірге болыңыздар.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...