ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Росарио қаласында Қазақстан мен Аргентина достығына арналған монумент орнатылады

Росарио қаласында Қазақстан мен Аргентина достығына арналған монумент орнатылады

Әлем Росарио қаласында Қазақстан мен Аргентина достығына арналған монумент орнатылады

Росарио қаласында Қазақстан мен Аргентина достығына арналған монумент орнатылады

Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстан Республикасы алаңында биіктігі алты метрлік «Alma del Río» монументі орнатылады. Бұл бірегей сәулет өнері 2019 жылдан бері бауырлас қала атанған Алматы мен Росарио арасындағы ерекше байланыс пен достықтың символы.

Ескерткіш жобасын Латын Америкасындағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер таныстырды. Таныстырылымы Дэвис кубогындағы Қазақстан мен Аргентина матчына арналған баспасөз конференциясында өтті.

Иринаның айтуынша, мозаика іспеттес шағын керамикалық элементтермен қапталған бұл ескерткіш — бүкіл әлемдегі бірлік, достық пен бейбітшіліктің символы. Ескере кететін тағы бір жәйт, бұл ескерткіштің әрбір бөлігі Димаштың жанкүйерлерінің қайырымдылық жинағының арқасында жасалады. Бұл сый арқылы Димаштың жанкүйерлері татулықтары мен Димашқа деген адал сүйіспеншіліктерінің шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ескерткіштің жобасын әйгілі аргентиналық суретші-мүсіншілер Густаво Аугсбургер мен Даниэль Косик жасаған.

Осы орайда, монументтің атауы «Alma del Río» қазақшаға «Өзеннің жаны, рухы» деп аударылса, екінші қызықты дерек: «Alma» — Алматы және «Río» — Розарио қалаларының алғашқы-соңғы буындарынан алынған екен.

Ескерткіштің ашылуы 2024 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында испан тілінде сөйлейтін жандарға арналған қазақ тілінің тұңғыш оқулығы да таныстырылды. Бұл оқулық таяуда бірнеше елде қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...