ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Сақталған мұра

Сақталған мұра

Әлем Сақталған мұра

Сақталған мұра

Нұр-Сұлтанда «Аманат» Қазақ күйлері антологиясы» атты бірегей басылым таныстырылды. Оны құрастырушылар халық аспаптық музыкасының басты жанрларының бірінің 500-ден астам мұрағаттық аудиожазбаларын жинақтап, қалпына келтірді.

Қазақ үшін күй – домбырада орындалатын шағын музыкалық пьеса ғана емес. Оның мәні автор мен орындаушының эмоционалды жағдайларының сәйкес келуі. Демек, жанрдың баяндылығы мен бейнеленуінен басқа, оған тән психологизм айқын көрінеді.

Күй тарихы көшпелі халықтардың мәдениетінен терең көрініс табады. Біздің заманымызға дейін жеткен оның алғашқы үлгілерінің бірі 13 ғасырға жататын «Ақсақ құлан» шығармасы болып саналады. Зерттеушілердің айтуынша, 20 ғасырға дейін 7 мыңнан астам күй жеткен, бірақ олардың көбі архивтік аудиотасымалдағыштардың ескіруіне байланысты жоғалған немесе жойылу қаупінде тұр.

Ұлттық мұраны сақтау мақсатында «Сауап» қоғамдық қоры бұрын жарияланбаған, басқа жинақтарға енбеген және ұмытылған бірегей туындыларды іздеуге, қалпына келтіруге және цифрландыруға бағытталған бірқатар жобаларға бастамашылық жасады.

Қордың алғашқы жинағы «Аманат» Қазақ күйлері мен әндерінің антологиясы» болды. Зерттеушілер тобы отандық, шетелдік мемлекеттік және жеке мұрағаттарда сақталған және біржола жоғалған деп саналған көрнекті орындаушылардың 500-ден астам күйін қалпына келтіріп, қазіргі заманғы тасымалдаушыларға көшірді. «Аманат» жобасының жұмыс географиясы Қазақстанмен қатар Қытай, Ресей, Моңғолия және басқа да елдерді қамтиды.

«Қазақ күйлері антологиясында» жинақталған бірегей аудиоматериалдан басқа күйлердің композиторлары мен ежелгі орындаушылары, сондай-ақ туындылардың шығу тарихы мен аңыздары туралы толық мәліметтерді ұсынады.

Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, кітапты әрлеуге суретші Ермек Момбаевтың бірегей графикалық бейнелері пайдаланылды.

Жаңа мәдени жобаның тұсаукесері Нұр-Сұлтан қаласында шығармашылық интеллигенция өкілдерінің басым бөлігінің тоғысқан тұсында өтті. Олардың қатарында жоба авторы, «Сауап» қорының директоры Света Бабагүл, жобаның бірлескен авторы, зерттеуші Мүслім Хасенов, «Сауап» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл және т.б. бар.

«Ең алдымен, өзінің сағатын күткен ұмытылған жазбаларға жаңа өмір сыйлап, титаникалық жұмыс жасаған зерттеушілерге алғысымызды білдіреміз. Олар: Айтжан Тоқтағанов, Жанғали Жүзбай, Саян Ақмолда, Талғат Мұқышев, Мұрат Әбуғазы», – деді Мүсілім Хасенов іс-шара барысында.

Тұсаукесер қонақтары қатарында болған DimashAli шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаев та атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.

«Ежелден бері көптеген тағдыр мен қазақтың бай тарихы домбыра дауысымен, қобыз үнімен және шырылдаған сыбызғымен жетті. Біздің ата-бабаларымыз күй деген үлкен мағына беретін ұғым деп санаған. Бақытбек Смағұловтың өтінішімен осы үлкен еңбек атқарылды. Бір кітап аясында 500 күй жинақтап, тыңдармандар үшін дайындау – өте құнды дүние», – деді Қанат Айтбаев.

Антология бірнеше нұсқада жасалады. Бұл үш тілдегі каталогы, ыңғайлы навигация және әуендерді ойнату мүмкіндігі бар кітаптың электронды нұсқасы жұмсақ мұқабадағы стандартты кітап.

Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған, стандартты емес материалдар мен технологиялар пайдаланылған үш жинақтан тұратын қатты мұқабадағы VIP-жиынтықтағы кәдесый шығарылды.

«Сауап» қорының «Аманат» циклін жүзеге асырудағы келесі қадамы қазақ музыкалық фольклоры туындыларының ерекше түрлері – «Қазақтың жыр-дастаны, терме-толғаулары» атты жинақпен жұмысты жоспарлады.

Жобаның қорытынды бөлімі – «Қазақ әндері» – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ әндері мен әуендері туралы баяндайды. «Сауап» қоры халық мұрасын сақтау мен танымал етуге көмектескісі келетін және үлкен бірегей бастаманың демеушісі болғысы келетін барлық адамдарды қатысуға шақырады.

«Біз ғасырлар бойы Ұлы Дала еліне таралған ата-бабаларымыздың бай мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізе алатынымызға өте қуаныштымыз. «Аманат» жинағы үлкен құндылыққа ие. Біз оның Қазақстанда да, бүкіл әлемде де кең таралғанын қалаймыз. Сондықтан «Сауап» қоры жинақты тек мемлекеттік тілде ғана емес, ағылшын және орыс тілдерінде де шығарды», – деп бөлісті Бақытбек Смағұл.

Соңғы жаңалықтар

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...

Димаштың «When I’ve Got You» әні алғаш рет АҚШ-тың радиосында орындалды

Сәуірдің 6-сы күні американдық Channel Radio R радиосында Димаш Құдайбергеннің «When I've Got You» әні алғаш рет шырқалды. Бұл...