ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Stranger әлемдік турына қатысу үшін Димаштың би кастингіне шақырамыз!

Stranger әлемдік турына қатысу үшін Димаштың би кастингіне шақырамыз!

Dimash World Stranger әлемдік турына қатысу үшін Димаштың би кастингіне шақырамыз!

Stranger әлемдік турына қатысу үшін Димаштың би кастингіне шақырамыз!

Димаш Құдайберген өзінің Stranger әлемдік турына қатысу үшін кәсіби бишілерді іздейді. Іріктеуге қатысуға хип-хоп және контемпорари стилінде жұмыс істейтін барлық мүдделі бишілер шақырылады.

Кастингте өз күшіңізді сынап көру үшін екі қарапайым шартты орындау қажет:

1. Димаштың кез-келген әнін таңдап, бидің нұсқасын жазыңыз (уақыты 60 секундқа дейін).

2. Instagram, TikTok, Facebook немесе Weibo #TourStranger_Сasting хэштегімен қол жетімді әлеуметтік желілердің бірінде осы видеоны жариялаңыз. Сипаттамаға келесі мәтінді жазу керек: «Мен бишілердің кастингінен өтіп, Димаш Құдайбергеннің Stranger шоуымен әлемдік турына қатысқым келеді».

Постты 10 наурызға дейін өшіруге болмайды.

Барлық видеоларды әртістің командасы мұқият қарайды. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен бишілер қатысқан әлеуметтік желіде жеке хабарламалар алады және офлайн режимінде өтетін кастингтің соңғы кезеңіне шақырылады.

Stranger туры аясында алдағы концерттер 29 сәуірде Ереванда Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінің аумағында және 6 мамырда Антальяда Akdeniz University Stadium стадионында өтеді. Шоуға билеттер dimashali.com сайтында қол жетімді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...