ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Америкалық TIXR платформасында - "DIMASH DIGITAL SHOW" концерті

Америкалық TIXR платформасында — «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті

Dimash World Америкалық TIXR платформасында - "DIMASH DIGITAL SHOW" концерті

Америкалық TIXR платформасында — «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті

16 қаңтарда сағат 20: 00-де Нұр-Сұлтан қ. уақытымен Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» атты көптен күткен алғашқы онлайн-концерті өтті.

«DIMASH DIGITAL SHOW» әлемдік пандемия басталғаннан бергі әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болды.

Концерттің онлайн-чаты бір секундқа да тынышталмады, барлық жанкүйерлер сүйікті әртістерінің өнерін қайта көргендеріне өте қуанды. Dears-тің айтуынша, олардың барлығы Димаштың жеке концертін қатты сағынған.

Шоу барысында қазақстандық орындаушы 6 тілде: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде ән айтты. Сондай-ақ, ол бұрын соңды болмаған жаңа мазмұнды ұсынды: әндер, олардың арасында әншінің өзі жазған композициялар бар.

Онлайн-формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears-ке Димаштың концертін үйден шықпай-ақ, үй жағдайында тамашалауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, концертті «көру» географиясы да айтарлықтай кеңейді: Dears «DIMASH DIGITAL SHOW» концертін әлемнің 100-ден астам елінен көрді.

Tixr америкалық стримингтік платформасы өкілдерінің айтуынша, алғаш рет шетелдік орындаушының концертіне билеттер сату осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.

Димаш көптеген жанкүйеріне жаңа форматқа қарамастан, оның алғашқы онлайн-концертін қолдағаныны үшін қатты қуанды:

«Менің алғашқы онлайн-концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рахмет! Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан мен бүгін сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесемде, менің жаным сіздердің барлық қолдауларыңыз бен күш-жігерлеріңізді сезінді, сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіз! Бүгінгі шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен өте жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!».

Естеріңізге сала кетейік, Димаштың онлайн-концертін 16 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында шектеусіз көре аласыздар. Концерттің дайындық жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған билеттер сатылымы шоу аяқталғаннан кейін қайта басталады.

Барлық жаңартулар dimash.tixr.com. концерт бетінде жарияланады.

DIMASH DIGITAL SHOW концерті және оның дайындығы туралы егжей-тегжейлі репортажды келесі аптада DimashNews-тен оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...