Стамбұлда “Абай” мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті. Орталық Түркияда тұратын қазақстандықтардың мәдени шаралар өткізіп, гуманитарлық, іскерлік жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.
![]()
“Отандастар қоры” сайтының хабарлауынша, “29 қазан күні Стамбұлдың этникалық қазақтар көп шоғырланған ауданында “Абай” мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті.
Коронавирус пандемиясына байланысты ашылу рәсімі онлайн форматында өтті. Шара барысында бірлескен жобалар, Түркиядағы қазақ қауымдастығын мәдени, іскерлік – білім беру бағыттарында қолдау көрсету жайлары талқыланды.

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің ашылуы екі мақсатты жүзеге асыруды көздейді. Біріншіден- шет елде тұратын отандастарымыздың басын қосу. Екіншіден- сол елдің яғни Түркияның халқымен достық қарым-қатынасты нығайта түсу», – деді «Отандастар қоры» Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин.
“Абай” мәдени-іскерлік үйінің ашылу салтанаты бұған дейін Ташкент пен Омбыда өтті. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияда ашу жоспарда бар.