Куэка ұлттық биі – Чилиліктердің жан дүниесінің көрініс

1011

Жер шарының бір бөлігіндегі көңілді Латын Америкасындағы Чили халқы қыркүйек айында ерекше мерекені тойлайды. Бұл олардың тәуелсіздікке қол жеткізген маңызды мерекесі. Қуанышты сәт чилиліктердің жанына баланатын ұлттық куэка биінсіз тойланбайды.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

18 қыркүйек – Чили халқы үшін ең маңызды күн. Бұл күні Чили өз тәуелсіздігін атап өтеді. Қыркүйек  оларда «Отан айы» деп аталады. Осы кезеңде бұл елдің әр өңірінен ұлттық куэка биінің көңілді әуенін ести аласыз.

Куэка – Чили үшін маңызды және ең құнды ұлттық қазына. Бұл би мектеп оқушыларына бірінші сыныптан бастап үйретіледі. Сондықтан олар өз елінде не өзге мемлекетте жүрсе де ұлттық билерін тамаша орындай алады. Себебі куэка әр чилиліктің жүрегінде сақталған.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

Куэканың пайда болуының бірнеше нұсқасы бар. Кейбір деректерде бұл биді Чили мәдениетіне үндістер әкелген десе, тағы бір нұсқада куэка испандықтар Чилиге әкелген сыған-андалусия билерінен шыққан делінген.

Бұл елдің әр бөлігінде куэка әр түрлі орындалады. Бірақ Чилидің қай бөлігіндегі биді көрсеңіз де ол өте көңілді, жылдам әрі жеңіл.  Чили мәдениеті мен фольклорына тән. Куэка билегендер  музыкаға қосыла орындап, шапалақпен жандарына түседі.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

Биыл Димаштың чилилік жанкүйерлері Кармен Сандовал мен Клаудия Лобос сүйікті әншілеріне арнайы жеке куэка дайындап, орындап беруді шешті.

«Біз бұл музыканы, ұлттық биімізді таңдадық. Өйткені Димашқа бізге өнер арқылы қуаныш сыйлап, біздің дәстүрлеріміз бен ұлттық музыкамызға  деген зор сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіргіміз келді», – деді жоба авторларының бірі Кармен Глория Сандовал.

Кармен мен Клаудияға музыканы өңдеуге Николас Пиментель көмектесті. Куэка әуенін Las Corraleras тобы шырқап, биді Эдуардо Перес пен Виктор Ривера орындады. Куэканың қазақ және орыс тіліндегі аудармасын Қазақстан халықтары Ассамблеясының еріктісі Ирина Вагнер дайындады. Олардың көмегімен Кармен мен Клаудияның ойға алған армандары орындалды.

Жоба авторлары куэка орындайтын кәсіби бишілері мен музыканттарын пандемия аяқталған соң көпшілікке ресми таныстыруды жоспарлап отыр.

 

Клаудия Лобос
Кармен Сандовал