Түркияда “Абай” мәдени-іскерлік үйі ашылды

798

Стамбұлда “Абай” мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті. Орталық Түркияда тұратын қазақстандықтардың мәдени шаралар өткізіп, гуманитарлық, іскерлік жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

Отандастар қоры” сайтының хабарлауынша, “29 қазан күні Стамбұлдың этникалық қазақтар көп шоғырланған ауданында “Абай” мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті.

Коронавирус пандемиясына байланысты ашылу рәсімі онлайн форматында өтті. Шара барысында бірлескен жобалар, Түркиядағы қазақ қауымдастығын мәдени, іскерлік – білім беру бағыттарында қолдау көрсету жайлары талқыланды.

Ақпарат көзі: Otandastar Qory

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің ашылуы екі мақсатты жүзеге асыруды көздейді. Біріншіден- шет елде тұратын отандастарымыздың басын қосу. Екіншіден- сол елдің яғни Түркияның халқымен достық қарым-қатынасты нығайта түсу», – деді «Отандастар қоры» Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин.

“Абай” мәдени-іскерлік үйінің ашылу салтанаты бұған дейін Ташкент пен Омбыда өтті. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияда ашу жоспарда бар.