Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов: «Менің арманым – Қазақстанда мүсіндер мұражайын қалыптастыру»

1904

Айдос Есмағамбетов шынайы кейіпке жақын жасаған мүсіндерімен көпке танымал шебер. Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, хирургиялық нақтылықты талап ететін өнері. Меңгеру үшін талант пен шынайы ниет қажет.

DimashNews редакциясы Айдос Есмағамбетовтың шеберханасында болып, оның шығармашылығымен танысты. Қазақстанда ешкім қолға алмаған өнерге құштарлығы, оны қалай бастағаны туралы білді.

– Айдос, шығармашылық бастауыңыз туралы айтсаңыз? Бұл өнерге деген құштарлық қайдан пайда болды?

-Мен шығармашылық отбасында дүниеге келдім. Анам-музыкант, домбыра тартады. Сондай-ақ қолөнермен айналысады, кесте тіккенді жақсы көреді. Әкем- гипстен мүсін жасайды. Осылай мен өмірге келгеннен өнердің не екенін көріп өскен баламын. Балалық шағымнан ата-анамның жасаған керемет туындыларының жасалу жолын білемін. Бұл өнер яғни талант әке қанымен, ана сүтімен дарыған содан болар мен де шығармашалыққа жақын өстім.

Ал нағыз құштарлығым жетінші немесе сегізінші сыныпта оқығанымда оянды. Сол жыл Жылқы жылы болды. Сыныптастарыммен мектеп ауласында мұз қалашығын салуды ұйғардық. Мен қардан құлын мүсінін жасауды бастадым. Күн өте суық болды, оған қарамастан бастаған жұмысымды аяқтауға тырыстым. Тіпті бар ынтаммен кірісіп кеткенім соншалық мұғалімнің классқа шақырғанын да тыңдамағанмын. Мақсатым басталған процесті тоқтатпау және оны бар ықыласыммен жасау болды. Қардан жасалған құлынның мүсіні дайын болған кезде сыныптастарым да ұстазым да таң қалды. Себебі мүсінде барлық  анатомия сақталған, ұсақ детальдардың өзін айна қатесіз жасағанмын. Дәл осы сәттен бастап мен бұл менің сүйікті ісім екенін түсіндім және өзімді осы өнерге арнаймын деп шештім.

– Қай жерде білім алдыңыз?

-Мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінде оқыдым. Ол жерде мен қылқаламмен көп жұмыс асадым. Портреттер, пейзаждар, натюрморттар салдым. Менің жұмысымды көрген ұстаздарым маған адамдарды, олардың көңіл-күйін, мінезін, анатомиясын жақсы сезініп салатынымды ескерді. Бұл мені одан әрі шабыттандырып, мотивация берді. Сол уақыттан бастап шығармашылығымды портреттер жасауға бағыттадым.

2006 – 2008 жылдары «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатыстым, Өкінішке орай, жүлделі орын бұйырмады. Әділқазылар абстракционизге басымдық берді. Бірақ бұл жанр маған ұнаған емес. Осыдан кейін бұл өнерде өзімді ұзақ іздедім, үнемі тәжірибе жасадым. Көпке ерекше дүние жасап көрсетікм келді.

-Шексіз ізденіс үстінде жүріп, өзіңізге мүсін өнеріне жол аштыңыз ба?

– Дәл осылай. Бірақ ең қызығы, мен мүсін өнеріне кездейсоқ келдім. Әдеттегідей күннің бірі болатын. Теледидардан Мадам Туссо мұражайы туралы репортажды көрдім.  Шамасы 2009 жыл болу керек, сол жылы Барак Обаманың балауыз фигурасы пайда болды. Осы репортажды қарап отырып, Қазақстанда осындай керемет туындыларды жасамасқа деген ой келді. Өйткені бізде де көптеген талантты адамдар бар! Сол кезде осы істиі қолға аламын деп нақты шешімге келдім.

Шынымды айтсам, басында мен үшін бұл өте қиын болды. Қазақстанда бұл технология еш жерде оқытылмайды. Сондықтан мен мүсін өнерін өзім игердім. Күндіз-түні интернеттен мақалалар оқып, YouTube-те бейнежазбаларды қарадым. Оқыдым, білгенімді тәжірибе түрінде жасадым. 2010 жылы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жасауды ұйғардым. Алғашқы мүсінге 1 жыл уақыт кетті.

Осыдан кейін басқа да жұмыстарымды қолға алдым: 2013 жылы Абылай ханның мүсінін жасадым, 2016 жылы Барак Обама, өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіндерін жасадым. 2020 жылы мен Түркістандағы жаңа музей үшін Елбасының үшінші мүсінін  жасап шығардым. Жақында ғана Абай Құнанбаевтың мүсінін оның 175 жылдығына орай бітірдім.

– Сіз қандай материалды қолданасыз? Менің түсінуімше, сіздің мүсіндеріңіз балауыз емес пе?

– Жоқ. Балауыз нәзік және өте күрделі материал. Ол жоғары температурада оңай жырылып, тез еріп кетеді. Мен мүсіндерге силикон пайдаланамын.  Балауызға қарағанда оның артықшылығы көп. Ең бастысы, ол кез-келген температураға шыдайды. Айтпақшы, Мадам Туссо мұражайы қазір силиконды да қолданады. Егер біз балауыздан нақты фигураны жасай алсақ, ал силиконнан гиперреалистік туынды шығады.

– Мүсіндеріңізде адамды қалай нақты, дәл көрсете аласыз. Оның анатомиялық ерекшеліктерін зерттеуге қанша уақыт жұмсайсыз?

– Мен мүсіндерімді тек фотосуреттердің көмегімен жасаймын, бұл өте қиын. Қандай-да бір жолмен әрекет етуге мәжбүр етеді. Мысалы, Мадам Туссо мұражайында шеберлер жұлдызды шақырады, бір фигурада шамамен 15-20 адам жұмыс істейді. Олар өлшеулер жасайды, модельді әртүрлі бұрыштардан суретке түсіреді, құймалар алады. Ал мен Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін алғаш жасаған кезде оны бұрын-соңды өмірде көрген емеспін. Интернеттегі сапалы суреттердің көмегі тиді.

Ең қиыны Абай мүсінін жасау болды. Өйткені суреттер сапасы төмен, тек бір ғана фотосуреті бар. Оны алу үшін мен Семейдегі Абай мұражайына жүгіндім. Қуанышыма орай, барлық қажетті материалдармен көмектесті.

-Айдос, мүсін жасаудың кезеңдері туралы айтып беріңізші. Ең қиыны қайсы болды?

– Адамның барлық анатомиялық ерекшеліктерін мұқият зерттегеп болған соң негізгі сұлбасынан бастаймын. Ол пластилиннен жасалады, ең қиыны да осы процесс. Дәл осы кезеңде сіз нақты адамға ұқсастықты жеткізуге тырысасыз. Оның сипаты, әрбір кішігірім ерекшелігі яғни микро-деталь, тері тесігі, тамыр, әжім. Бұл өте нәзік, төзімділік пен шыдамды, ептілікті талап ететін іс.

Келесі қиын кезең-бұл шаш. Өйткені оның әр талын жабыстырып отыру қажет.Елестетіп көріңізші, сіздің басыңызда жүз мың тал шаш бар! Құйқадағы бір түптен бірнеше шаш шығара алмайсыз. Олай жасасаң шынайылық жоғалады.

Мүсіннен бөлек, мен сол мүсінге пайдаланатын құралдарды өзім жасайтынымды айтқым келеді. Әсіресе ұсақ бөлшектер, зергерлік процестер үшін арнайы құрылғылар қажет. Оларды дүкеннен таба алмайсың, сондықтан өзім жасап алуға тырысамын.

– Бұл жүйкеге тиетін жұмыс па?

– Ол ұзақ әрі ауыр жұмыс, бірақ мен оны жүйкеме тиеді деп айтпас едім. Әрине, сыртынан қарағанда қорқынышты. Ұзақ уатытты алады. Бірақ мүсінге шаш жабыстыру мен үшін үлкен процесс және ол мені тыныштандырады.Қаншалықты қиын, соншалықты қызықты. Өкінішке орай, тек уақыт жетпей жатады.

Кейде ерте тұрып кішкентай бір істі бітіріп тастаймын деп кірісесің, жасап болып терезеге қарасаң қараңғы түсіп, түн болғанын байқамай қаласың.  Бірақ, Құдайға шүкір, мен өте қатты және тез шаршамаймын, керісінше жұмыс кезінде менің екінші тынысым ашылады.

– Сіз өзіңіздің дебюттік фигураңызды жасауға бір жылға жуық уақыт кетті деп айттыңыз. Қолыңыз үйренген соң сізге қанша уақыт қажет?

– Мұның бәрі фигураның күрделілігіне байланысты. Егер орта есеппен айтатын болсақ, онда шамамен 3-4 ай. Бірақ мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жаңа мүсінін рекордтық мерзімде жасадым. Оған бір жарым ай ғана уақыт кетті. Бұл өте шұғыл тапсырыс және оны мүмкіндігінше тез аяқтау керек болды. Осы бір жарым айдың ішінде аз ұйықтап, көп жұмыс жасадым. Тамақ ішетін де уақыт болмады.  Мұндай режимде жұмыс істеу мүмкін емес, егер бар жұмысты осылай қысқа уақытта бітіруге тырысатын болсаң денсаулығыңды құртарың сөзсіз!

– Бір мүсіннің шығыны қанша?

Қазақстанда қажетті материалдар болмағандықтан, АҚШ-тан тапсырыс беруім керек. Ал бағасы шынымды айтсам, аз емес. Бір фигураға жалпы 600 мыңнан миллион теңгеге дейін жұмсалады.

–Өз мектебіңізді ашып, өз тәжірибеңізбен бөліскіңіз келмей ме?

– Иә, Мен айтқанымдай, Мадам Туссо музейіндегі бір фигурада 15-20 адам жұмыс істейді. Әрине, мен де өз тобымды жасақтағым келеді. Сондықтан жылына мүмкіндігінше көп мүсін жасай аламын.

– Қазір біз сіздің шеберханаңызда тұрмыз және мұндағы әрбір бұрыш сіздің жан дүниеңіз бен өз ісіңізге деген махаббатыңызбен қаныққанға ұқсайды. Сіз бұл шеберханада қанша жұмыс істейсіз? Сізге ұнай ма ол?

– Мен бұл шеберханада төрт жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұған дейін әскери-тарихи мұражайда реставрациялау бөлімінің бастығы болып жұмыс істегенмін. Қазір «Astana Musical» театрында гример болып жұмыс істеймін, олар маған осы шеберхананы ұсынды. Мен макияж суретшімін, сонымен қатар реквизиттер, декорациялар жасап, киноға арналған арнайы гримдер жасаймын. Маған шеберхана өте ұнайды, бірақ мен одан да көп нәрсені қалаймын.

– Өнеріңізді жақындарыңыз қалай қабылдайды?

– Менің ата-анам шығармашылық адамдар болғандықтан, олар менің жұмысыма қызығушылықпен қарайды. Бір қызықты оқиға есімде. Мен Елбасының алғашқы фигурасын жасаған кезде, өз бөлмемді іштен кілттеп  нағыз шеберханаға айналдырдым. Ата-анам кіргісі келсе де көрсетпедім. Сенімсіздік, күлкі, қауіп пен күмәнға бой алдырмадым. Жұмысымды аяқтаған соң бір көрсеткім келгендіктен. Қазір ондай емеспін әрине. Мен өзімнің «алғашқы шеберханамды» қызғыштай қорыдым.

– Айдос, сіз картиналар саласыз, мүсін жасайсыз, макияж суретшісіз.  Сізге осылардың қайсысы ұнайды?

– Мен бұл салалардың әрқайсысын қатты жақсы көремін. Олардың барлығы менің жаныма жақын, сондықтан бөле алмаймын.  Керісінше, бұл тізімге тағы бір сала– фото және видеоны қосу қажет. Мен бос уақытымда қалаға шығып әдемі кадрлар түсіремін. Ол да менің жанымды рахатқа бөлейтін сүйікті ісімнің бірі.

– Болашақ жоспарлар,алға қойған мақсаттарыңызбен бөліссеңіз ?

– Менің ең үлкен арманым және мақсатым – Мадам Туссо мұражайы сияқты мүсін мұражайын ашу. Қазақстанда да біздің атақты және аты аңызға айналған тарихи тұлғаларымыздың мүсіні қойылатын орын болуы керек. Мен туристерге біздің ұлы адамдарымыздың, атақты адамдардың мүсіндерін көрнекі түрде көрсете алатынымызды қалаймын.

Өйткені барлық адам оны шын өмірде көре алмауы мүмкін немесе барлығы бірдей жанды дауыстағы концерттеріне бара алмайды. Ал музейде мүсіні тұрса, олармен еркін суретке түсе алар еді. Әрине, тірі адам мен оның суретін салыстыруға болмайды. Бірақ бұл жақсы балама емес пе?