ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертіне әлемнің 30 елінен жанкүйерлер қатысты

Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертіне әлемнің 30 елінен жанкүйерлер қатысты

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертіне әлемнің 30 елінен жанкүйерлер қатысты

Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертіне әлемнің 30 елінен жанкүйерлер қатысты

Қазақстандық әнші, композитор және мультиструменталист Димаш Құдайбергеннің алғашқы ірі концерті Ресейдің мәдени астанасында өтіп жатыр.

Қаладағы ең үлкен спорт және мәдени нысандардың бірі — Мұз сарайының сахнасында еліміздің эстрада жұлдызы 12 мыңнан астам тыңдарманына арнап сөз сөйледі. Танымал әнші өзінің репертуарындағы көптеген әйгілі хит шығармаларын, негізінен, қазақ тілінде орындады. Олардың ішінде көпшілікке белгілі «Дайдидайау, «Ұмытылмас күн», «Любовь уставших лебедей» сынды өзге де композициялар, авторлық туындылар бар.

Қазақстандық өнер иесінің есімі елімізде де, көптеген шет мемлекеттерде де кең танымал екені белгілі. Ал Димаштың Санкт-Петербургтегі концертіне 30-дан астам елден, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Канада, Қытай, Беларусь, Венгрия, Польша, Финляндия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Чехия, Оңтүстік Корея, Эстония және басқа да республикалардан жанкүйерлері келді.
Осы күні музыканттың жанкүйерлері алдағы концертті қолдау мақсатында бірнеше флешмоб өткізді. Өнер кешінен бірнеше сағат бұрын жерлесіміздің ең адал жанкүйерлері бас қосып, Мұз сарайының сахнасынан Димаштың репертуарындағы сүйікті әндерін орындады.

Айта кетейік, Санкт-Петербургтегі бұл концерт әншінің ARNAU әлемдік гастрольдерінің бір бөлігі болып табылады. Енді ол Ресейдің Краснодар, Қазан және Екатеринбург сияқты өзге де қалаларына сапарлайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп,...