ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

«Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

Dears «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

«Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспечері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды. Бұл сәтте аэропорт сүйікті әртісімен кездесуді асыға күткен жанкүйерлердің қуанышымен думанға бөленді. Осылайша украиналық тыңдармандардың қошеметі көңіл толқытты.

Көпшіліктің қолдарында Қазақстан мен Украинаның жалаулары, әншіге шын пейілдерімен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары бар. Ал әншінің жанары «Дайдидау» әні сегіз жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакатқа түсті. Демек, көрермендер Киевтегі концертті шынымен күткен екен.

Жанкүйерлер де Димашты қазақ тілінде: «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деп таза әрі еш акцентсіз ұранмен күтіп алды. олар, сонымен қатар әншіге өте символикалық сыйлық — гетман күшінің нышаны болып табылатын зерлі мата сыйлады.

— Сіздің әніңіз бен дауысыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды ешқашан өшпейтіндей жаулап алды. Бұл кестелі мата сіздің шығармашылығыңыздың біздің жүрегіміздегі орнының белгісі болып қалсын, — деді жанкүйерлер Димашқа қуанышпен.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...