ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Абай атындағы мектеп: өнер мен дәстүр арқылы болашақ ұрпақты...

Абай атындағы мектеп: өнер мен дәстүр арқылы болашақ ұрпақты шабыттандырады

Басты жаңалық Абай атындағы мектеп: өнер мен дәстүр арқылы болашақ ұрпақты шабыттандырады

Абай атындағы мектеп: өнер мен дәстүр арқылы болашақ ұрпақты шабыттандырады

2025 жылғы 23 қаңтарда Абай Құнанбаев атындағы № 87 мектеп-гимназияда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенге арналған кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына әртістің ата-анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат және Светлана Айтбаевтар қатысты. Сондай-ақ, Димаштың қуанышты бастамасын қолдауға «Astana Dears» фан-клубының жанкүйерлері келді.


№ 87 мектеп 2019 жылдың қыркүйек айында Ұлы ойшыл ақынның 175 жылдық мерейтойына орай Абай Құнанбаев атындағы мектептер желісін құру жобасы аясында ашылды.

Мектептің негізгі құндылықтары Абай айтқан: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым бес қасиетіне негізделген. Бұл қасиеттер мұғалімдердің, оқушылардың бойында, тіпті бүкіл білім беру жүйесінде көрінуі керек. Мектептің екі мыңнан астам оқушысы бұл құндылықтарды өмірлік ұстаным ретінде қабылдайды.

Мектепте Абайдың бай мұрасын жастар арасында насихаттау мақсатында «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы ашылды. Орталықта «Абайдың балалық шағы», «Абай – ақын», «Абай – данышпан» атты үш бөлімнен тұратын факультативтер өткізіледі.

Мектепте Абайдың шығармаларын зерттеуге арналған Абай мұражайы ашылды, мұнда сонымен қатар, мультимедиялық кабинет жұмыс істейді.

***
Директор Айгүл Оңдағанқызы Қашаева бастаған мектеп қызметкерлері қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, экскурсия өткізді.

Мектепте Шәкәрім Құдайбердіұлына, Ахмет Байтұрсынұлына, Мұхтар Әуезовке арналған тақырыптық кабинеттер бар. Қазақ ұлттық стиліндегі үстел ойындары бар мектептің кітапханасы ерекше назарға ілігеді.

Димаш Құдайберген атындағы жаңа кабинет музыка сыныбымен қатар, мұражай ретінде де қызмет етеді. Қанат пен Светлана Айтбаевтар, сондай-ақ әртістің жанкүйерлері мұражайға түрлі экспонаттарды тарту етті. Алдағы уақытта коллекция әртістің кітаптарымен, газеттерімен, журналдарымен және естелік сыйлықтарымен толықтырылатын болады. Мұның бәрі музыка мен өнерге құштар балаларға арналған. Кабинет заманауи және дәстүрлі музыкалық аспаптармен жабдықталған.

Қазақ тілі пәні мұғалімі Данияр Ихсан DimashNews редакциясымен кабинеттің құрылу тарихы туралы бөлісті:

«Мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызы Жапонияға барып, олардың музыкалық өнерге ерекше ықыластарын байқаған болатын. Осыдан шабыт алған Айгүл Оңдағанқызы мектепте «10 минуттық ән айту» жобасын енгізді. Енді әрбір сынып сағаттарында оқушылар 10 минут ән айтатын дәстүр қалыптасты.


Музыка кабинетін кімге арнау керек деген сұрақ туындаған кезде, біз оны бүгінгі таңда балаларды шабыттандыратын және оларға үлгі болатын адаммен байланыстыру керек деп шештік. Осылайша кабинетті Димаш Құдайбергеннің есімімен атау туралы шешім қабылданды.

Онда музыкалық іс-шаралар, мерекелер, вокал және домбыра үйірмелерінің сабақтары, сондай-ақ оқушылар экскурсияда жүргендей әсер алып, әртістің өмірі мен шығармашылығымен танысатын музыка сабақтары өтеді».

Іс-шара кезінде мектептің әнші оқушылары мен олардың ата-аналары Димаштың «Өмір» атты авторлық әні мен Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көрерменнің көзайымы болды.


«Бұл кабинеттің негізгі идеясы Димаштың өнерінен шабыт алып, өнерде үлкен биіктерге жетуге ұмтылатын балаларға символ болу. Бұл балалар біздің болашағымыз. Оларды рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу – біздің еліміз үшін маңызды бағыт. Балалардың Абайдың өлеңдері мен 45 қара сөзін жатқа оқып беруі ерекше сүйсінерлік талап. Өйткені, терең философияға толы мұндай туындыларды оқып, түсіну оңай емес. Алайда, бұл өскелең ұрпақтың терең дүниетанымын қалыптастырып,  олардың бойында ұлттық және мәдени құндылықтарды сіңуге үлесін тигізері сөзсіз», — деп Қанат Құдайбергенұлы өз әсерімен бөлісті.


Мектептен тоқсан сайын оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың мақалаларын жариялайтын «Абай нұр» атты газет шығады. Журналистиканың негіздерін меңгерген оқушылар Димаштың ата-анасынан «AQ» медиа-студиясының «Ғибрат» бағдарламасы үшін сұхбат алды. Атақты әртістің ата-анасымен сұхбат барысында балалар Димаштың мектепте қалай оқығаны, бала кезінен қандай кітаптар оқығанды ұнататыны туралы сұрап, қызығушылықтарын білдірді.

Светлана Ермекқызы мектеп оқушылары мен қызметкерлерге болашақ серіктестіктеріне үлкен үмітпен қарайтынын білдіріп, өз тілектерін білдірді:

«Жетістіктеріңіз бен қуаныштарыңызды бізбен бөлісіп жатқандарыңызға қуаныштымыз. Мектепке кірген сәттен бастап, сіздердің әдемі, жүйелі жұмыстарыңызға тәнті болдық. Мұндағы білім беру жүйесінің деңгейі жоғары екені айдан анық. Ал, енді тәрбиелі ұрпақтың қалыптасып келе жатқанын – «10 минуттық ән айту» жобасынан бастап Абайға байланысты тереңдікке дейін, кішкентай балалардан бастап педагогтарға дейінгі аралықтың бәрін назарға ала келіп, байқадық. Біз музыка мен ұлттық өнерге қатысты мазмұнды сәттерді көрдіп, көзайым болдық. Сондықтан мектеп директоры мен бүкіл ұжымға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

Сіздерді Димашқа арналған кабинеттің ашылуымен құттықтаймыз! Ол бүгінде «қазақтың ұлы» деген атаққа ие болды. Егер оның қандай да бір жақсы қасиеттері жас ұрпаққа оң әсерін тигізіп жатса, бұл біз үшін үлкен қуаныш болмақ.

Осы кабинеттен, осы қабырғалардан еліміздің мақтанышына айналып, әлемдік аренада Қазақстанның есімін дәріптейтін тәрбиелі, білімді балалар шыққанын тілеймін. Сізге сәттілік, еңбектеріңіз үшін мың алғыс!»

Соңғы жаңалықтар

«Алма фестивалі», Арбат және Қайыңды көлі – Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» шоуының қатысушылары Қазақстанда жаңа сапарда

«Voice Beyond Horizon» шоуының сегізінші эпизодында қатысушылар Алматыдағы алғашқы сахналарынан соң сәл тыныстап, Тянь-Шань баурайында орналасқан «Алмалар қаласында» фольклорлық...

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жанкүйерлері туралы мексикалық El Heraldo басылымында жарияланды

Мексикалық El Heraldo de Chihuahua газетінде қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау және Мексикадағы жанкүйерлерінің белсенділігіне арналған материал жарық...

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер...

Димаштың орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні бір жыл бойы Польша чартында көшбасшылық орнын сақтап келеді

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр. Осы кезең...

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...