ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш туралы мақалалар Billboard Argentina және Notion басылымдарында жарық...

Димаш туралы мақалалар Billboard Argentina және Notion басылымдарында жарық көрді

Dimash World Димаш туралы мақалалар Billboard Argentina және Notion басылымдарында жарық көрді

Димаш туралы мақалалар Billboard Argentina және Notion басылымдарында жарық көрді

Қаңтар айының ортасында ағылшын-американдық және аргентиналық басылымдарда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы мақалалар жарық көрді.

Billboard Argentina журналы «Димаш Құдайберген – алты октавада ән айтатын өнерпаз» деген мақала жариялады.

https://www.billboard.ar/information/post/dimash-kudaibergen-el-artista-que-puede-llegar-a-cantar-seis-octavas

Мақала оқырманды әншінің шығармашылық жолының басталғанынан әлемнің әртүрлі қалаларында өткізген жеке концерттеріндегі кезеңді қамтиды:

«Әнші өз әндерін Лондон, Нью-Йорк, Мәскеу, Куала-Лумпур сияқты қалалардың үлкен сахналарында шырқады. Оның қазақстандық ұжыммен бірлесіп ұйымдастырған концерттері көрнекі және фольклорлық стильдегі керемет вокалдық қойылымдар үйлесімімен ерекшеленеді».

Басылым, әсіресе, Димаштың өзінің еңбегі мен оның халықаралық музыка қауымдастығымен серіктестігін ерекше атап өтеді:

«2024 жылдың 19 қазанында ол «S.O.S. d’un terrien en détresse» әнін Хорватиялық виолончелист Хаузермен (Сингапур, Марина Бей) орындады. Су бетіндегі музыкалық үйлесімділік виолончельдің әуезді дыбыстарын ерекше дауыспен бірлестірді. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бұл жағдай Димаштың жақында шығарған «Smoke» сынды жаңа жобалармен жұмыс істеу барысында ескеретін үлгісі болып саналады.

Лондон (Ұлыбритания) және Лос-Анджелес (АҚШ) қалаларында орналасқан Notion ақпараттық агенттігінің сайтында: «Димаш Құдайбергеннің Еуропаға сапары: музыка, сән және жаһандық бірліктің салтанаты» атты мақала жарық көрді.
https://notion.online/dimash-qudaibergens-european-tour-a-celebration-of-music-fashion-and-global-unity/

Шолу мақалада 2024 жылдың қарашасында Еуропадағы яғни, делегация құрамында болған Димаш Құдайбергеннің Франция президенті Эммануэль Макронның атынан Елисей сарайына мемлекеттік қабылдауға шақырылғаны туралы айтылады.

«Notion» сонымен қатар Париждегі «Lanvin» көрме залы мен «Schiaparelli» ательесінде Димаштың жоғары сән әлемімен таныстыру рәсіміне тоқталады.

Мақаланда негізінде, Димаштың 2024 жылғы 22, 24 қарашасында өткен Чехия мен Германиядағы жеке концерттеріне көбірек тоқталады.

Концерттер туралы айта келіп, мақала авторлары Димаштың ерекше миссиясын атап өтеді:

«Бірнеше тілдегі композициялардан тұратын бағдарлама аясында Димаш Қазақстанның бай мәдени мұрасын халықаралық аудиторияға жеткізу мен тарату миссиясын орындады. Әдеттегідей Димаштың даусы шектеулер мен шекараларды бұзып өтіп, өнері арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерін баурап алды…
«Stranger» әлемдік тур жаһанның назарын өзіне аударуын жалғастыруда. Осыны ескере келе, Димаш Құдайберген өзінің жаһандық сапарын әлі аяқтамайды деген үміттеміз».

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...