ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың Дюссельдорфтағы «Stranger» шоуы

Димаштың Дюссельдорфтағы «Stranger» шоуы

Dimash World Димаштың Дюссельдорфтағы «Stranger» шоуы

Димаштың Дюссельдорфтағы «Stranger» шоуы

Прагада аншлагпен аяқталған шоудан екі күн өткеннен кейін Димаштың командасы Германияға келді. Қазақстандық музыкант Дюссельдорф қаласында екінші рет жеке концертін берді. Екі жыл бұрын «Arnau» бағдарламасымен концерт берген болатын.

2022 жылы Қазақстанның Алматы қаласында басталған «Stranger» туры екі жыл бойы әртүрлі қалаларды аралап, Ереван (Армения), Анталия және Стамбул (Түркия), Куала-Лумпур (Малайзия), Гонконг (Қытай), Будапешт (Венгрия) қалаларында болды. 2024 жылдың 13 және 14 қыркүйегінде шоу Қазақстанға оралып, елордадағы “Астана Аренаға” жанкүйерлерін екі рет жинап, қараша айында Еуропаға аттанды.

Екі жылдың ішінде концерттік бағдарлама өзгеріп отырды. Енді ол туындылардың қатарына Димаштың «Smoke», «When I’ve got you» және «Fire» атты жаңа туындылары кірді. Дегенмен, кейінгі концерттерінің концепсиясы бұрынғы шоудың негізгі идеясын сақтай отырып, әр түрлі тілде (қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай, итальян, испан) ұлттық нақыштағы жеке композиция түрінде және әр түрлі стильдегі туындылардың қайталанбас туындысы болып орындалады.

Димаш концертті бастамас бұрын көрермендерге «Менімен сиқыр жасауға дайынсыздар ма?» деп сұрап алды. Ән арасында әртістің жанкүйерлері гүл шоқтарымен сахнаға жақындап, Димаш олармен әртүрлі тілдерде тілтабысып, селфи жасап, басқа елдерге сәлем жолдады.

«Любовь уставших лебедей» әнін орындағаннан кейін қазақстандық өнерпаз
композитор Игорь Крутойға алғыс айтып, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Содан кейін «жаңа дәстүр бойынша» ол сахнаға маэстроның «Аве Мария» вокализациясының фрагментін шырқау үшін бір жасөспірім қызды шақырды. Димаш 11 жасар Габриэланың өнеріне тәнті болып, оған болашақта бүгінгі концерт сияқты мыңдаған көрермен жинауын тіледі.

Димаш пен оның командасы барлық жанкүйерлерге қолдау көрсетіп, ерекше сезімге бөлегені үшін алғысын білдіреді. Жаңа концерттерде кездескенше достар!

 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...