ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

Dimash World Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

9 қарашада Астанадағы Mega Silk Way кешеніндегі «LA’Театрда» белгілі әртістердің қатысуымен концерт-спектакль өтті.

Елордадағы «Sen men Sàt» музыкалық театрының шығармашылық бірлестігінің әртістері Алишер Исмаилов, Динислам Нұрмағанбетов, Дана Верещак, Талғат Кеңес, Ислам Асылхан, Нұржас Садырбаев, Мақпал Дүйсен, Гүлден Курсет сияқты театр қойылымдарында, кинофильмдер және сериалдарда басты рөлдерімен танымал өнерпаздар поэтикалық-музыкалық жанрда өнер көрсетті.

«LA’Театр» сахнасынан көрермендер махаббатқа, отбасы құндылығына, мәдениет пен музыкаға толы хикаят-әуен тыңдады.

Кешке белгілі музыканттар қатысып, өз репертуарларынан бірнеше туындылар ұсынды:

Болат Қобыланды – театр және кино актері, қазақ тіліндегі дубляж маманы, «Жарық» және «Не болды саған?» сияқты хит әндердің авторы және орындаушысы;
және ARShAT (Аршат Хайролла) – әртіс, композитор, музыкант, барлық жанрларда орындаушы, «Unsiz», «Balga men shege», «Kun batqanda» және басқа да көптеген шығармалардың авторы мен орындаушысы.

Әбілмансұр Құдайберген – жас музыкант, ҚазҰӨУ колледжінің электрогитара классы бойынша студенті, мультиинструменталист, автор және аранжировщик өзінің ағасы Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы «If I Never Breathe Again», «Omir» және өзінің «Together» атты авторлық композициясын пернетақтада орындады.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...