ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

Dimash World Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

12 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Димаш: әлемді бағындырып» атты көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуына Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Димаштың әжесі Миуа Низамутдинова қатысты.

Құттықтау сөзінде Қанат Құдайбергенұлы:

“Біз шығармашылықта шекараның жоқ екендігінің айғағы ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды Астанада тоғыстырғанымызға өте қуаныштымыз. Осы көрмені ұйымдастыру да дәл осы жанкүйерлердің арқасында іске асқаны ақиқат”.

Димаш видео үндеу түсіріп, қала қонақтарымен емен-жарқын амандасып, өз алғысын білдірді.


Көрменің идеялық дем берушісі Димаштың анасы Светлана Айтбаева болды.

Светлана Ермекқызы DimashNews редакциясымен көрменің құрылу тарихы жөнінде былай деді:

«Димаш жанкүйерлерін Dears — қымбаттым деп атады. Әр қойылымда, әр концертте Димаштың жанкүйерлері аған көптеген сыйлықтар, кәдесыйлар мен кітаптар сыйлап, хат жазды. Отбасымыз үшін, Димаш үшін және жеке өзім үшін мұның бәрі өте қымбат. Кішкентай әріптерден бастап, Димашқа қолдан тігілген концерттік костюмдерге дейін жинай бастадым.
Ал, мен әйтеуір бір күні мұражай жасаймыз деп армандайтынмын.

Биыл менің идеямды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі қолдады. Бірнеше аптадан кейін біз уақытша көрме дайындадық.

Музейде музыкалық аспаптармен қосқанда, Димаштың нағыз шеберлердің қолынан шыққан әртүрлі елдерден 35-ке жуық түрлі аспаптар коллекциясы бар.
Осындай құнды аспаптарды көріп-білу үшін шағын мұражай жасауды жөн көрдік. Әсіресе, кәсіби музыканттар бұл аспаптарды ерекше құрметпен қабылдайды».

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...