ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears "Ән айтқанымның арқасында қорқыныш сейіледі"

«Ән айтқанымның арқасында қорқыныш сейіледі»

Dears "Ән айтқанымның арқасында қорқыныш сейіледі"

«Ән айтқанымның арқасында қорқыныш сейіледі»

Музыка барлығына көмектесе алады деген сеніммен, әлемдік пандемия басталған сәттен бастап Димаштың Италиялық жанкүйері Джада балконға шығып, қиын уақытта өз отандастарын қолдау үшін ән шырқады. Жақында бойжеткен әйгілі итальяндық әнші Андреа Бочеллимен кездесу құрметіне ие болды.

Музыка он жеті жасар Джада Лепораның өзі ес білгеннен бергі ең үлкен құмарлығы. Жас вокалист бес жасынан бастап ән айтады және әлемдік пандемия басталғаннан бері онымен кәсіби түрде айналыса бастады.

Бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр болғаннан кейін, Италия тұрғындары флешмоб ұйымдастырды, онда адамдарға балконға шығып, бір-біріне қолдау көрсету үшін ән айтуды ұсынды. Жас Джада әлеуметтік желілерде өз орындауларын жариялап, іс-шараға ықыласпен қосылды.

Оның балконынан «Credo», «Una finestra tra le stelle», «Il mondo che vorrei», «Guardando il cielo» және басқа да әйгілі итальяндық композициялар естілді. Оның бірде-бір қойылымы көрермендердің қатысуынсыз және қошеметсіз қалмады.

«Мен балконнан ән айта бастадым, өйткені мәжбүрлі түрде үйде отырған миллиондаған адамдар сияқты Мен де өзімді қайта тапқым келді. Бәрі соншалықты қорқынышты емес екенін түсініп, біз оны жеңе алатынымызға сендім. Мен ән айтуды жалғастырдым, өйткені адамдар мені қолдай бастады. Менің ән айтуымның арқасында олардың қорқынышы сейіледі, ол маған көп күш берді. Ән бар болғаны 3-4 минутқа созылды, бірақ мен оның әр секундында қатты толқыдым», – деп бөлісті Джада.

Жас вокалист Димаштың шығармашылығымен 2020 жылдың 20 қыркүйегінде өзінің ең жақын досының арқасында танысты. Ол Джадаға Қазақстандық керемет дауыс иегері туралы айтып берді. Бойжеткен бірден әншінің жұмысына қызығушылық танытып, оның жанкүйері болды. Қазір Димашпен кездесу Джаданың ең үлкен тілегінің бірі.

2021 жылдың 30 мамырында бойжеткен Форт-де-Мармиде аты аңызға айналған итальяндық вокалист Андреа Бочеллимен кездесуге мүмкіндік алды.

Джада Андреа Бочелли өте мейірімді және ақкөңіл адам екенін айтты. Олардың қарым-қатынасы өте жайлы ортада өтті, бойжеткен тіпті өздерін бұрыннан танитын ескі достар сияқты сезінді. Маэстро Джаданың әнін қуана тыңдады, сондай-ақ вокалға қатысты бірнеше кеңес берді және оның мансабына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...