ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Мәдениет Ақтөбеде “Baqytty Bala-2022” балалар вокалдық байқауы өтеді

Ақтөбеде “Baqytty Bala-2022” балалар вокалдық байқауы өтеді

Әлем Мәдениет Ақтөбеде “Baqytty Bala-2022” балалар вокалдық байқауы өтеді

Ақтөбеде “Baqytty Bala-2022” балалар вокалдық байқауы өтеді

2022 жылдың 9-14 тамыз аралығында  «Baqytty Вala-2022»  ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтеді. Әлемнің 8 елінен келген 10-16 жас аралығындағы  талантты 21 жасөспірім Ақтөбеде өнердің қара шаңырағы – «Өнер орталығында» Бас жүлде үшін сайысқа түседі.

«Baqytty Bala» – Ақтөбе облысының брендіне айналған ерекше жоба. Байқау 2018 жылы облысымызда «Балалар жылы» деп жариялауына орай тұңғыш рет  өткізілді және жалғасын тауып ұйымдастырылып келеді.

Биылғы жылы аталмыш байқау «Димаш-Әли» шығармашылық орталығы  және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 9-14 тамыз аралығында «Өнер орталығы» концерт залында өтеді.

Іріктеу кезеңіне 200-ге жуық өтініш қабылданды.  Ресей, Өзбекстан, Түркия, Украина, Польша, Испания, Румыния, Әзірбайжан, Армения, Болгария, Африка мемлекеттерінен және еліміздің барлық қалаларынан сайысқа  қатысушы үміткерлердің өтініштері қабылданды. Қашықтықтан тыңдау нәтижесі бойынша 21 жеткіншек ақтық мәреге жолдама алды.

Жас өнерпаздардың өнерін мәдениет саласының белгілі өкілдері бағалайтын болады.

Асхат Маемиров – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, профессор, Нұр-Сұлтан қаласындағы музыкалық жас көрермен театрының директоры және көркемдік жетекшісі;

Марат Әйтімов – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті азаматы», ұстаз, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі;

Қанат Айтбаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі;

Рухия Байдүкенова – «Шапағат» медалінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері, Р.Бағланова атындағы мемлекеттік «Қазақконцерт» концерттік ұйымының әншісі

Ернар Нұртазин – Халықаралық байқаулардың лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің Бас дирижеры.

Гала-концерт 13 тамыз сағат 19:30-да «Өнер орталығы»  концерт залында өтеді. Билеттерді Тикетон сайтынан немесе «Өнер орталығы» кассасынан сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...