ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

«Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

Dimash World «Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

«Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы концертінде көрермендер арасында жас қазақстандық әнші Жанель Али болды. Ол — Димаштың үлкен жанкүйері және Испаниядағы фан-клубының мүшесі. Клубтың шақыруымен Жанель pre-party іс-шарасында «Ұмытылмас күн» мен «Махаббат бер маған» әндерін орындаған.

Olimpic Arena Badalona сахнасына Жанель ұлттық киіммен келіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Димаш оны байқап, сөйлесіп, оның вокалист екенін білген соң, сахнаға шығуға шақырған.


Көпшіліктің алдында жылы лебізін білдірген Димаш жас орындаушыға қолдау көрсетіп, оның орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің үзіндісін сүйсіне тыңдап, шығармашылық жолына сәттілік тіледі.

DimashNews редакциясына берген сұхбатында Жанель өзі туралы айтып берді:

«Менің атым — Жанель Али, жасым 15-те. Туған жерім — Қазақстан, Астана қаласы. Балалық шағымнан бері ән айтуға әуеспін, сондықтан Қазақ ұлттық өнер академиясына эстрадалық вокал мамандығына түстім.

2022 жылы отбасымызбен жұмыс бабымен Испанияға, шуақты Аликанте қаласына көшіп келдік.

Сол жылы мен «Голос дети Испания» жобасына қатысып, Кристина Агилераның Hurt әнін орындап, 12 жасымда финалға шықтым.

Қазір Испания консерваториясында опера әншісі мамандығы бойынша білім алып жүрмін.

Димаштың концертіне және pre-party кешіне арнайы дайындалып, ұлттық костюмімді Қазақстанда тіктірттім. Себебі мен — қазақпын, және қазақ болғаныма мақтанамын. Біздің ұлттық киіміміз испандықтар мен шетелдіктерді әрдайым таңғалдырады. Олар біздің мәдениетке қызығушылықпен қарайды.

Мен кішкентайымнан Димашпен бір сахнада ән айтуды армандадым. Бүгін сол арманым орындалды.

Әрине, Димаш мені сахнаға шақырғанда қуаныштан толқып, көзіме жас келді, айтқым келген сөздерімді ұмытып та қалдым. Ал шын мәнінде, мен бүкіл әлемге халқымызды мақтан ететінімді және Димаш арқылы Қазақстан мәдениеті жаһанға танылып жатқанын айтқым келді.

Оны сөзбен жеткізу қиын — бұл сәтті миллиондаған жанкүйер армандайды ғой. Димаш ағаға тек шексіз ризашылығымды білдіремін. Әлі күнге дейін бір сахнада ән айтқаныма сене алмай тұрмын.

Испанияға арнайы келіп, керемет концерт сыйлағаны үшін Димашқа және оның командасына үлкен алғыс айтамын!»

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесеріне Қытай мен Қазақстанның музыкалық сарапшылары мен БАҚ қолдау көрсетті

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының тұсаукесері Қытай және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген оң пікірлерге ие болды....

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының тұсаукесері – алғашқы нәтижелері

Димаш Құдайберген орындаушы продюсері атанған «Voice Beyond Horizon» музыкалды реалити- шоуының алғашқы эпизоды , экранға шыққан алғашқы күні-ақ көрермендерді жаулап,...

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond...

Түркістан жерінде Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы бастау алды

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» шоуының алғашқы эпизоды шуақты Түркістанда 6 елден келген сегіз қатысушының басын қосты. Жобаның бастамашысы әрі...

Пласидо Доминго, Андреа Бочелли, Игорь Крутой, Лара Фабиан, Маурисио Сулейман, Степан Хаузер және Саймон Уэбб Димаш Құдайбергенді «Voice Beyond Horizon» жобасының премьерасымен құттықтады

5 ақпанда әлемдік платформаларда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік жобасы - «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алғашқы эпизоды эфирге шықты. Димаштың әлемге...