ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Besame Mucho» Димаш Құдайбергеннің орындауында – Мексикадағы алғашқы жеке...

«Besame Mucho» Димаш Құдайбергеннің орындауында – Мексикадағы алғашқы жеке концерті

Dimash World «Besame Mucho» Димаш Құдайбергеннің орындауында – Мексикадағы алғашқы жеке концерті

«Besame Mucho» Димаш Құдайбергеннің орындауында – Мексикадағы алғашқы жеке концерті

8 қазан күні Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы тұңғыш жеке концертінде – Мехико қаласының ең әйгілі концерт залдарының бірі «Auditorio Nacional» сахнасында бірде-бір бос орын болған жоқ.

Концерт басталмай жатып-ақ залдың дәліздерінде мексикалық тыңдармандар үлкен топ болып мексиканың ұлттық әндерін шырқап, Димаштың есімін футбол жанкүйерлеріндей ұрандатып, ерекше әсерлі атмосфералық көңіл-күй сыйлады.

Сахнаға Димаш «жалынды» бейнеде шығып, шоу «Golden» және «Smoke» әндерімен басталды. Толастамас қошеметтен кейін ол көрермендерге қазақ, ағылшын және испан тілдерінде жылы сәлем жолдады:

«¡Buenas noches, México! Es un sueño estar aquí con todos ustedes. Gracias por su amor, su energía y por hacerme sentir como en casa. Esta noche viviremos algo mágico juntos.

«Қайырлы кеш, Мексика! Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету – мен үшін арман болатын. Сіздердің шексіз сүйіспеншіліктеріңіз бен энергияларыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздер мені өз үйімде жүргендей сезіндірдіңіздер. Бүгінгі кеште әрбіріңіз сиқырға толы жұмбақ сезімді сезінетін боласыздар».

Көрермендер әрбір ән сайын эмоцияларын жасыра алмады. Димаш орындаған итальян тіліндегі «Olimpico», қытай тіліндегі «Battle of Memory», орыс тіліндегі «Любовь уставших лебедей», французша «SOS D’un Terrien En Détresse», испанша «El Amore En Ti», ағылшынша «The Story of One Sky», сондай-ақ қазақ тіліндегі «Махаббат бер маған» және «Ave Maria» вокализін көрермендер зор ықыласпен қабылдады.

Көп елдердің сахнасын бағындырған Димаш бұл кеште ерекше шабытты күйге енді. Ол көрерменге жиі қол бұлғап, «muchas gracias» деп алғысын білдіріп отырды. Концерт бастан-аяқ тым қуатты энергияға толы өтті: жұрт Димаштың әр қимылын қайталап, «Give Me Your Love», «Be With Me», «Тау Ішінде», «Weekend», «Living For The Game» әндерін орындаған сәтті бірге билеп, «Ұмытылмас Күн», «Fire», «When I’ve Got You» сияқты күрделі шығармаларды әншімен бірге шырқап тұрды.

Көрермендер әннің қайырмасына қосылып тұрғанда, Димаш сахнаға жақындаған тыңдармандармен қол алысып, оларға өз қолтаңбасын беріп үлгерді. Публикамен ерекше рухани байланыс орнаған сәтте ол тосыннан испан тіліндегі ең танымал әндердің бірі – «Besame Mucho» туындысын көрермендермен бірге орындады.

Кештің әсерлі бір сәтінде Димаш: «Отбасымыздағы ең үздік музыкантты қарсы алыңыздар. Ол аспапта менен де жақсы ойнайды, тек сіздер оны оған айтпаңыздар», – деп әзілдеген Димаш көрерменнің күлкісін тудырды.

Әбілмансұр электрогитарада әсерлі орындауымен тыңдарман ықыласына бөленді. Ал қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра, сыбызғы және қобыз үні «Адай», «Дурдараз», «Stranger» және жаңа туындысы «Самғау» композицияларында ерекше үйлесе кетті.

Концерт соңында Димаш көрермендеріне жүрекжарды алғысын білдіріп:

«Достар! Сіздер мәңгі менің жүрегімдесіздер. Сіздердің қолдауларыңызсыз бүгінге дейінгі жасалған жұмыстардың бірі болмас еді. Музыкант ретінде мен испан және мексикалық музыкадан ерекше шабыт алатыным рас. Мексикалық көрерменмен алғаш Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Канело Альварес арасындағы жекпе-жек алдында Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаған кезімде кездескенмін.

Ұзақ жылдар бойына мен Латын Америкасы жерінде туған елімнің мәдениетін, қазақтың тілі мен ән өнерін танытуды армандаған едім. Бүгін сол арманым орындалған күн. Сол үшін сіздерге алығысым шексіз!»

«Қымбатты достар! «Let it be!» жақында басталады – 10 қазан күні Димаш сіздерді Palacio de los Deportes спорт сарайындағы концертте күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Мексикадағы фан-клубы ірі қайырымдылық бастамаға қайтадан қатысты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы фан-клубы төртінші жыл қатарынан Мексика мен Латын Америкасы елдеріндегі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері DiVoices хорымен бірлесіп мәдени-қайырымдылық шара өткізді. 2026 жылғы 4 қаңтарда аталған хор мүшелері Польшаның Ольштын...

Altyn Bala: аналық қамқорлықтың Қазақстандағы алғашқы жөргек брендіне айналуы туралы

Қазақстандағы балалар жөргектері нарығы ұзақ жылдар бойы негізінен импорттық брендтер есебінен қалыптасты. Бұл өнімдер көбіне әмбебап сипатта ұсынылып, елдің...

Жаңа жыл қарсаңында Нью-Йорктегі Times Square экранында Димаш Құдайбергеннің бейнесі көрсетілді

31 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласының қақ орталығында орналасқан Times Square алаңында Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар бейнеролик көрсетілді. Жаңа жыл...

Үш жылда – әлемнің үш аймағы: Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерттік туры әлемнің 13 елін бағындырды

«Қазақстан – Армения – Венгрия – Қытай – Малайзия – Түркия – Чехия – Германия – АҚШ – Мексика...