ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік...

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Dears Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 22 адам, яғни Димаш Құдайбергеннің жапондық фан-клубының өкілдері қатысты.

Фан-клуб жетекшісі мен кеңесшісінің шақыруымен шараға Жапонияның белгілі мәдениет қайраткерлері – актриса Эри Ватанабэ, актер Хинато Тэдзука және кинорежиссер Синдзю Сано қатысты.

Қонақтарға Қазақстанның ұлттық тағамдары – манты мен бауырсақтан дәм татқызды. Шеберлік сабағына қатысушылар ұйымдастырушылардың жетекшілігімен арнайы алжапқыштарын тағып, тағам әзірлеуге белсене атсалысты.

Іс-шара алаңында қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары, дәстүрлі әшекей бұйымдары мен ұлттық киімдері қойылған көрме де ұйымдастырылды. Тағам дайындалғаннан кейін қонақтар ұлттық киімдерді киіп көріп, жылы атмосфераға толы естелік суреттерге түсіп алды.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...