ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Dimash World «Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай, Орталық Азия мен Еуропаны жалғаған маңызды сауда торабын зерттеуге аттанды. Ғасырлар бойы керуендер тек жібек пен дәмдеуіштерді ғана жеткізіп қоймай, шығыс пен батыс өркениеттерінің, діндері, мәдениеттері мен музыкалық дәстүрлерінің байланысуына ықпал етті.

Димаш қатысушыларға бірнеше қызықты танымдық дүниелер әзірледі.
«Дәстүрлі тағамдар мен әндер концерті» бағдарламасы Қазақстанның байырғы ұлттық дәстүрлерін танытты: қонақтар домбыраның қоңыр үнін тыңдай жүріп көше базарындағы бешбармақ пен өзге де ұлттық тағамдардан дәм татты.

«Күнбағыс пен аралардың экологиялық симфониясы» саяхатшыларды табиғи ортаның таза тіршілігімен таныстырды. Әншілер қала сыртындағы күнбағыс алқабына барып, алтын түсті гүл толқыны мен жылы күн сәулесінің аясында, гүл арасындағы самал жел сыбыры мен аралардың ырғақты ызыңын тыңдай отырып, музыкалық шығармашылыққа шабыт жинады.

«Ұлы Жібек жолы тағдырының мыңжылдық вариациялары» тарихи Түркістанның көне орталығы – Отырар қаласының ескі жұртында өткен дәуір жаңғырығын, Ұлы Жібек жолы бойымен ағылған керуендердің үнін сезінуге мүмкіндік берді.

Қоршаған кеңістіктің әрбір бөлшегін тануға ұмтылған, білімге құштар жас әншілердің көзімен көрермендер қасиетті мекендердің салт-дәстүріне тарихи тұрғыдан терең бойлады.

Шығармашылық қорын толықтырған қатысушылар шоу продюсері Димаш Құдайбергеннің кәсіби жетекшілігімен жергілікті байқауға дайындықты бастады. Продюсер әрбір қатысушыға жеке уақытын арнап, кәсіби шеберліктің қыр-сырымен бөлісті.

Түркістанның этнографиялық кеңістігіне жасалған сапар жайындағы сегіз қатысушының өнерін және олардың алған әсерлерін келесі шығарылымнан тамашалауға болады.

Бағдарламаны бейсенбі күндері сағат 22:00-де Hunan TV және Mango TV арналарынан көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...