ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық композициясын жарыққа шығарды

Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық композициясын жарыққа шығарды

Dimash World Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық композициясын жарыққа шығарды

Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық композициясын жарыққа шығарды

11 ақпанда продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасына қызу қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс ретінде Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа композициясын ұсынды. Әннің Mood-бейнебаяны әншінің ресми YouTube арнасында жарияланды.

«Димаш алғаш рет маған жаңа музыкалық туындысын тыңдатқан кезде, оның композициясы толық поэзиямен тұнып тұрғанын сездім. Композиция Димаштың ғарыштық дауысымен үйлесіп, ерекше әсерге бөлейді.

 

«Ғашықтық» – бұл бір адамға деген терең және ерекше махаббат күйін білдіреді. Ойларыңды, сезімдеріңді және ішкі әлеміңді толтыратын адамға деген сезімді бастан кешіреді. Мұнда күшті тартылыс, эмоционалды байланыс, қасында болуға ұмтылу, ішкі толқу мен шабыт сезімдері үйлеседі.

Димаш бұл сезімдерді әннің әрбір сөзінде және әрбір нотасында көрсете білді», — деп DimashNews редакциясына бейнежүргізуші Галым Асылов мәлімдеді.

Клип минимализм концепциясы аясында түсірілді, бұл көрерменнің назарын басты кейіпкерден, яғни роялде отырған Димаштан ауытқытпайды. 40 музыканттың ерекше сиқырлы орындауының ортасында басты кейіпкер өз сезімдеріне толық беріліп, махаббат хикаясын баяндайды.

«Құрметті достар! Сіздерге шексіз махаббатым мен сіздердің қолдауларыңызға деген ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл сезімді сөзбен емес, ән арқылы жеткізгім келеді. Менің авторлық туындым «Ғашықтық» атты шығармамды YouTube арнамнан тамашалай аласыздар.

12 ақпанда біздің «Voice Beyond Horizon» шоуымыздың екінші эпизоды Hunan TV телеарнасында көрсетіледі. Бірінші эпизоды менің YouTube арнама шықты. Елде амандық пен береке болсын! Өздеріңізді құшақтадым!», – деп Димаш өзінің жаңа туындысын таныстыра отырып, жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Композитор: Димаш Құдайберген
Сөзін жазған: Димаш Құдайберген
Аранжировка: Еділжан Ғаббасов
Дыбыс араластыру: Ерлан Бекчурин
Режиссер: Ғалым Асылов

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...