ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Бұл – мультисенсорлық сапар болды» – Мехикода өткен Димаш...

«Бұл – мультисенсорлық сапар болды» – Мехикода өткен Димаш Құдайбергеннің концерттері туралы мексикалық БАҚ пікірлері

Dimash World «Бұл – мультисенсорлық сапар болды» – Мехикода өткен Димаш Құдайбергеннің концерттері туралы...

«Бұл – мультисенсорлық сапар болды» – Мехикода өткен Димаш Құдайбергеннің концерттері туралы мексикалық БАҚ пікірлері

Димаштың Мексикадағы алғашқы жеке концерттері тек әншінің жанкүйерлері арасында ғана емес, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының да зор қызығушылығын тудырды.
Алғашқы концерт қарсаңында «adn Noticias» телеарнасы Димашты арнайы сұхбатқа шақырды. Бағдарлама жүргізушісі Габриэль Эрнандес көрермендермен өз әсерімен бөлісіп, былай деді:

«Елестетіп көріңіздерші, қазақ әншісі әрі композитор Димаш Құдайберген дәл қазір Мехикода! Ұзақ жылдар бойына күткен әншіміз «Dears» атты фан-клубтың еңбегінің нәтижесінде өз жанкүйерлерімен табысты.

Димаш өзінің әлемдік деңгейдегі танымалдығын дәлелдеп, Auditorio Nacional залын санаулы минуттарда, ал Palacio de los Deportes-ті одан да жылдам уақытта толтырды».

Бірінші концерттен кейін Televisa Espectáculos телеарнасы өз репортажында ерекше әсермен бөлісті:

«Димаш Құдайберген концерт залын адамзатқа үндеу жолдайтын ерекше даусымен таңғалдырды.

Әлем мойындаған оның әуендері бір арнаға жиналған ондаған мың көрерменнің жүрегін тербетті.

«Stranger» («Бейтаныс») деп аталатын турына қарамастан, Димаш мексикалықтар үшін бөтен емес. Көрермен оны ерекше ықыласпен, шынайы сүйіспеншілікпен қарсы алды.

Екі сағаттан астам уақыт бойы сахна нағыз музыкалық ғибадатханаға айналды. Бұл жай ғана концерт емес, шынайы өнердің, сиқыр мен рухани толғаныстың алаңы болды. Димаш әсерге бөленіп, мексикалық көрермендерге испан тілінде алғысын білдірді.

Көптеген костюм ауыстырулар, алып экрандар мен хореографиялық топтың қатысуы арқасында шоу көрерменді тілдік және мәдени шекаралардан асып өтетін мультисенсорлық сапарға жетеледі. Себебі, турдың атауы «Stranger» болса да, оның музыкасы әлемді бірлікке шақырып, адамзатты адамгершілікке баулып, көрермен жанын терең тебірентеді».

Мексиканың беделді El Economista Mexico газеті «Димаш Құдайберген Мексикада: музыка: Қазақстанмен мәдени және дипломатиялық көпір» атты мақаласында концерттердің маңызды мәдени және геосаяси қырларына тоқталды:

«Әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған тыңдарманы бар Димаш өз елінің мәдени елшісі ретінде танылды. Ол Орталық Азия өнерінің байлығын алуан түрлі аудиторияға жеткізе алды.

Оның ерекше стилі – опера, заманауи поп және дәстүрлі қазақ музыкасының үйлесімі – мексикалық тыңдарманға қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысын сезінуге мүмкіндік берді.

Қазақстан елшілігімен кездесу барысында «Димаштың әр концерті – мәдени алмасу. Оның өнері арқылы мексикалықтар Қазақстанның тарихы мен рухына жақындай алады» деп атап өтілді.

«Димаш феномені» мәдени ықпалдың, яғни жұмсақ күштің, саяси және экономикалық байланыстардан тыс екі ел арасындағы достықты нығайтудың жарқын мысалына айналды.

Қазақстан үшін бұл Латын Америкасындағы гастроль тек мәдени таныстырылым емес, сонымен қатар, өзінің музыкалық алуандығы мен орындаушылық дәстүрлерімен танылған Мексикамен шығармашылық диалог орнатуға бағытталған маңызды қадам».

Marie Claire México журналы «Жұлдыздар» айдарында мынадай сұрақ қояды да, сол сұраққа өзі былайша жауап береді: «Димаш Құдайберген кім? Мексиканы өз өнерімен баурап алған қазақ әншісі».

Мақала Димаштың Мексикадағы екінші концерті қарсаңында жарық көрді.

«Димаш Құдайберген – ғаламат вокалдық диапазон иесі, опера, поп және дәстүрлі қазақ музыкасы жанрларын шебер үйлестіре білген қазақ әншісі.
Ол оннан астам тілде ән орындап, өз даусымен әр туындыға ерекше әсер мен эмоциялық тереңдік береді.

8 қазан күні Димаш Auditorio Nacional сахнасында өнер көрсетті, ал бүгін, 10 қазанда, ол Palacio de los Deportes аренасында екі сағаттан астам уақытқа созылатын концерт өткізеді.

XXI ғасырдың ерекше музыкалық құбылысы: заманауи музыканы өз жолы ретінде таңдаған Ақтөбеден шыққан 31 жастағы қазақ әншісі, композитор және мультиаспапшы, классикалық музыка бойынша терең білімі бар әртіс».

Тағы бір мексикалық Es Ahora AM басылымда «Мексика оны жанымен қабылдады»: ғажайып дауысының арқасында шекараларды жойған Димаштың концерті» атты мақалада Димаштың мексикалық көрермендерге берген ерекше сыйын атап көрсетеді:

«Димаш «Bésame Mucho» әнін орындағанда, бүкіл Мексика таңданысын жасыра алмады. Бұл жай ғана кезекті кавер емес еді — бұл нағыз құрмет, музыкалық трибьют болды. Алты октаваны қамтитын дауысы бұл әнді мүлде жаңа деңгейге көтерді. Вокал маманы Сеси Довердің бұл орындауға: «Бұл ән, сірә, дәл соған арнап жазылғандай» — деген пікірі желіде тез тарап, вирусқа айналып кетті».


Соңғы жаңалықтар

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап,...

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай,...