ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Бұл - үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі...

«Бұл — үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі туралы

Басты жаңалық «Бұл - үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі туралы

«Бұл — үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі туралы

Тараздан келген нәзік қыз Айлун «Өнер орталығы» сахнасында өзінің вокалдық шеберлігімен көрермендерді таң қалдырды. Кішкентай әнші DimashNews сайтына бұл байқаудың  маңызы туралы айтып берді.

Айлун Заушева 2008 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Оның вокалмен кәсіби түрде айналысқанына екі жыл. Соған қарамастан, ол жергілікті және республикалық байқауларда бірнеше рет жеңіске жеткен.

— Айлун, Baqytty Bala байқауындағы Гран -приің құтты болсын! Бұл байқау туралы қайдан білдің? 

— Бұл байқау туралы ақпаратты анам 2018 жылы инстаграмнан көрген. Сол сезде енді басталып жатты, содан бері мен бұл байқауға қатысу үшін көп дайындалдым. Тек өзіме сенімді болған кезде ғана келдім.

— Baqytty Bala байқауындағы күндер несімен есте қалды?

— Бұл мен қатысқан ең керемет байқаулардың бірі. Бізді өте жылы қарсы алды. Барлық қатысушылар, ұйымдастырушылар мен еріктілер тату, көңілді, дос бола білді. Маған «Өнер орталығы» залының сахнасы мен акустикасы ұнады. Біздің сахнадағы номерлерімізге режиссер Анна Обоянская сондай ерекше қойылым жасады.

Бәрінен бұрын жарысқа дейін атпен серуендегеніміз және хаскимен фотосессия жасағанымыз ерекше әсер қалдырды. Бұл өте көңілді және шынымен ұмытылмас күн болды.

— Ұстазың туралы айтып берсең. Ол сенің жеңісіңді қалай қабылдады?

— Менің вокалдан беретін мұғалімім — Ұлықбек Қаубаев. Ол Тараз қаласындағы «Schooloftalents» мектебінің негізін қалаушы, онда вокалдан басқа гитарада ойнауды үйретеді. Сонымен қатар, Ұлықбек Қаубаев «Классик тобы»триосының солисі. Ол менің Baqytty Bala байқауында Гран -при жеңіп алғанымды естігенде ерекше қуанды.Өйткені оның да еңбегі ғой.

— Сені жеңімпаз деп жариялаған кезде қандай сезімде болдың?

— Марапаттау рәсімі кезінде мен сахнада тұрып, қатты қобалжыдым. Тіпті денем дірілдеп кетті. Менің атым әлі аталмаған кезде, мен шынымен бір орын алған болып тұрмын ғой деп ойладым. Ал Адель екеуміз сахнада жалғыз қалып, Оңдасын Сейілұлы (Ақтөбе облысының әкімі — Ред.) есімімді жариялағанда, мен қуанғаннан есімнен адасып қала жаздадым. Бұл мен үшін үлкен бақыт болды.

— Тағы қандай мақсат, арманың бар?

— Менің келесі үлкен мақсатым — Junior Евровидение » байқауына қатысып, шетелдік сахнада еліміздің намысын қорғау.  Мен өзімді «Балалар дауысы» бағдарламасында сынап көргім келеді. Бірақ менің ең үлкен арманым — Димаш Құдайберген секілді әлемді мойындатқан әнші атану.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...