ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Бұл - үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі...

«Бұл – үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі туралы

Басты жаңалық «Бұл - үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі туралы

«Бұл – үлкен бақыт»: Айлун Заушева Baqytty Bala-2021байқауындағы жеңісі туралы

Тараздан келген нәзік қыз Айлун «Өнер орталығы» сахнасында өзінің вокалдық шеберлігімен көрермендерді таң қалдырды. Кішкентай әнші DimashNews сайтына бұл байқаудың  маңызы туралы айтып берді.

Айлун Заушева 2008 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Оның вокалмен кәсіби түрде айналысқанына екі жыл. Соған қарамастан, ол жергілікті және республикалық байқауларда бірнеше рет жеңіске жеткен.

– Айлун, Baqytty Bala байқауындағы Гран -приің құтты болсын! Бұл байқау туралы қайдан білдің? 

– Бұл байқау туралы ақпаратты анам 2018 жылы инстаграмнан көрген. Сол сезде енді басталып жатты, содан бері мен бұл байқауға қатысу үшін көп дайындалдым. Тек өзіме сенімді болған кезде ғана келдім.

– Baqytty Bala байқауындағы күндер несімен есте қалды?

– Бұл мен қатысқан ең керемет байқаулардың бірі. Бізді өте жылы қарсы алды. Барлық қатысушылар, ұйымдастырушылар мен еріктілер тату, көңілді, дос бола білді. Маған «Өнер орталығы» залының сахнасы мен акустикасы ұнады. Біздің сахнадағы номерлерімізге режиссер Анна Обоянская сондай ерекше қойылым жасады.

Бәрінен бұрын жарысқа дейін атпен серуендегеніміз және хаскимен фотосессия жасағанымыз ерекше әсер қалдырды. Бұл өте көңілді және шынымен ұмытылмас күн болды.

– Ұстазың туралы айтып берсең. Ол сенің жеңісіңді қалай қабылдады?

– Менің вокалдан беретін мұғалімім – Ұлықбек Қаубаев. Ол Тараз қаласындағы «Schooloftalents» мектебінің негізін қалаушы, онда вокалдан басқа гитарада ойнауды үйретеді. Сонымен қатар, Ұлықбек Қаубаев «Классик тобы»триосының солисі. Ол менің Baqytty Bala байқауында Гран -при жеңіп алғанымды естігенде ерекше қуанды.Өйткені оның да еңбегі ғой.

– Сені жеңімпаз деп жариялаған кезде қандай сезімде болдың?

– Марапаттау рәсімі кезінде мен сахнада тұрып, қатты қобалжыдым. Тіпті денем дірілдеп кетті. Менің атым әлі аталмаған кезде, мен шынымен бір орын алған болып тұрмын ғой деп ойладым. Ал Адель екеуміз сахнада жалғыз қалып, Оңдасын Сейілұлы (Ақтөбе облысының әкімі – Ред.) есімімді жариялағанда, мен қуанғаннан есімнен адасып қала жаздадым. Бұл мен үшін үлкен бақыт болды.

– Тағы қандай мақсат, арманың бар?

– Менің келесі үлкен мақсатым – Junior Евровидение » байқауына қатысып, шетелдік сахнада еліміздің намысын қорғау.  Мен өзімді «Балалар дауысы» бағдарламасында сынап көргім келеді. Бірақ менің ең үлкен арманым – Димаш Құдайберген секілді әлемді мойындатқан әнші атану.

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200 еуро аударды

Мадридте Астана күніне және қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығына орай Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі ұйымдастырған шара өтті. Мерекелік шараларға...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Димаштың туған күніне орай "ДимашКарагандаРегион" фан-клубы ым-ишара тілінің талантты орындаушысы Ернұр Саменмен кездесу ұйымдастырды. Dears Ернұрмен 2024 жылдың қарашасында мүмкіндігі...

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...