ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Чили газетінде Димаш туралы мақала шықты

Чили газетінде Димаш туралы мақала шықты

Dimash World Чили газетінде Димаш туралы мақала шықты

Чили газетінде Димаш туралы мақала шықты

2022 жылғы 26 наурызда Чилидің ең беделді El Mercurio газеттерінің бірінде Димаш Құдайберген туралы жарияланым шықты. Материалда автор әншінің вокалдық диапазоны және оның музыка әлеміне әсері туралы айтады.

Меркурий газеті (El Mercurio) – Чилидегі ең беделді және көне газеттердің бірі. Басылымның алғашқы нөмірі 1827 жылы 12 қыркүйекте Вальпараисо қаласында жарық көрді. Кейінірек, 1900 жылы 1 маусымда газет Сантьягода да шыға бастады.

Қазіргі уақытта «Меркурий» күнделікті испан тілінде шығарылады және Сантьяго қаласында сатылымның рекордшысы болып табылады. Газет «El Mercurio» акционерлік жаңалықтар компаниясына тиесілі, ол бүкіл ел бойынша 19 аймақтық күнделікті басылымдар мен 32 радиостанциялар желісін басқарады.

26 наурызда «Меркурийде” “Димаш Құдайберген, өзінің кең вокалдық диапазонымен таң қалдыратын әнші» деген тақырыппен үлкен материал жарияланды.

Басылымда оқырманға қазақстандық орындаушының шығармашылық жолы, оның таңғажайып вокалдық қабілеттері мен пандемиядан кейін басталған концерттік тур туралы айтылады.

«Димаш шығармашылығының Оңтүстік Америкада таралуы өз жемісін беретініне біз өте қуаныштымыз! Біз әрқашан Dimash Latin Dears фан-клубының атынан көптеген іс-шаралар өткіземіз. 2023 жылы Чилиде «Винья-дель-Мар» әнінің ең үлкен фестивалі өтеді. Твиттердегі парақшасында іс-шараны ұйымдастырушылар көрермендердің фестиваль сахнасында кімді көргісі келетінін сұрайды. Әрине, біздің ең үлкен арманымыз – онда Димашты көру!»,- деп бөлісті Dimash Latin Dears фан-клубының әкімшілері.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі фильмінің трейлерін ұсынды

2025 жылғы 5 қазанда Димаш Құдайберген әлемдегі ең әйгілі концерттік алаңдардың бірі Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden сахнасында ТМД...

Димаштың чехиялық жанкүйерлері ерекше қажеттілігі бар сәбиге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық қорын ұйымдастырды

Чехиядағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қатарынан екінші жыл қайырымдылық бастамаларын жүзеге асырып, ерекше қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрін жалғастырып...

Польша мектебінде Қазақстан мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кездесу өтті

2026 жылғы 1 маусымда Слупск қаласындағы №2 бастауыш мектепте білім беру және мәдениетаралық ынтымақтастық бастамалары аясында Қазақстан Республикасының мәдениетін...

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға көмектесу үшін 2000 еуро аударды

Димаш Құдайбергеннің словакиялық жанкүйерлер клубының мүшелері ауыр өмірлік жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін 2000 еуро көлемінде қаражат жинап, қайырымдылық...

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында тәуелсіз театрлық жоба – «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Қойылым махаббат,...