ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі...

Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі фильмінің трейлерін ұсынды

Dimash World Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі фильмінің трейлерін ұсынды

Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі фильмінің трейлерін ұсынды

2025 жылғы 5 қазанда Димаш Құдайберген әлемдегі ең әйгілі концерттік алаңдардың бірі Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden сахнасында ТМД елдерінен шыққан алғашқы әртіс ретінде «Stranger» шоуын қойды.

Концерт аясында Madison Square Garden сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, қазақ тіліндегі әндер шырқалды. Олардың қатарында авторлық жаңа туындысы – «Самғау» әнінің тұсаукесері де болды.

Сондай-ақ Димаш бұл сахнада алғаш рет «Love’s Not Over Yet» туындысын орындады. Бұл әнге екі мәрте Grammy сыйлығының иегері Уолтер Афанасьев сүйемелдеу жасады.

Концерт бағдарламасында ерекше орын алған «The Story of One Sky» композициясы кештің ең әсерлі әрі эмоциялық тұрғыдан маңызды бөлімдерінің біріне айналды.

Madison Square Garden сахнасындағы бұл алғашқы қадам Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолындағы маңызды белес болып, оның көпжылдық еңбегінің, кәсіби дамуының және үлкен арманының жүзеге асуының айқын көрінісіне айналды.

Жаңа концерттік тур қарсаңында Димаш, оның командасы мен отбасы осы оқиғаға бастау болған еңбек жолы туралы естеліктерімен, әсерлерімен және эмоцияларымен «Арман тарихқа айналғанда» атты деректі фильмде бөліседі.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...