ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Ақтөбеде әртістің өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған...

Димаш Құдайберген Ақтөбеде әртістің өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған оқушылармен кездесті

Dimash World Димаш Құдайберген Ақтөбеде әртістің өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған оқушылармен кездесті

Димаш Құдайберген Ақтөбеде әртістің өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған оқушылармен кездесті

2026 жылғы 13 маусымда Димаш Құдайберген шығармашылық іссапармен Ақтөбе қаласына келді. Жарқын жүздесулер әншінің өзі білім алған №32 гимназия қабырғасынан басталып, академиялық вокал мамандығы бойынша білім алған Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде жалғасты.

Келесі күні өнер иесі «Шұғыла» балалар лагеріне барып, өзіне арналған көлемді LEGO-жобаны жүзеге асырған оқушылармен жүздесті.

Димаш Құдайберген мен жоба авторларының кездесуі қаланың қарбалас тіршілігінен шалғай орналасқан, табиғаты көркем «Шұғыла» демалыс базасында өтті. Бұл орын спорттық жиындар өткізуге, отбасылық және балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға қолайлы орталықтардың бірі.

Димаш жобаға қатысқан бес оқушыға алғыс ретінде аталған лагерьге жолдама тарту етті. Табиғат аясындағы таза ауа, спорттық белсенді іс-шаралар, тәжірибелі тәлімгерлер мен достық қарым-қатынасқа негізделген атмосфера балалардың демалысын есте қаларлықтай етеді деген сенім білдірілді.

Жобаның идеясы мектептегі робототехника үйірмесі аясында туындаған. Оқу жылының соңында оқушылар дәстүрлі түрде өздерінің қорытынды жұмыстарын ұсынатын болса, бұл жолы жеке емес, ұжымдық жоба әзірлеу жөнінде шешім қабылданған. Идея бастамашысы, педагог Жаналы Мақаттың айтуынша, оқушыларға шабыт беретін, өздері үлгі тұтатын тұлға ретінде Димаш Құдайбергеннің бейнесі таңдалған.

«Димаш Құдайбергенмен бір ауданда өскендіктен, оның шығармашылық жолын жақсы білемін. Сондықтан оқушыларға осындай үлкен портрет жасау туралы ұсыныс білдірдім. Бұл идея балалар тарапынан зор қызығушылық тудырды», – деп атап өтті робототехника үйірмесінің жетекшісі.

Жоба төртінші сынып оқушыларымен бірлесіп жүзеге асырылды. Жұмыс басталмас бұрын оқушылар әншінің өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерімен танысып, композицияның нобайын әзірлеп, LEGO-ның конструкциясын жоспарлады. Негізгі жұмыстарды педагогтердің жетекшілігімен оқушылар өздері жасады.

Жобаны жүзеге асыру барысында мектеп қорындағы материалдар пайдаланылып, жетіспейтін LEGO бөлшектері Ақтөбе қаласындағы «Келешек» мектептері желісі мен қалалық білім бөлімінің қолдауымен қамтамасыз етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба мұқият үйлестіру мен ресурстарды нақты жоспарлауды талап еткен.
Нәтижесінде ені шамамен 1,5 метр, ұзындығы 2,5 метр болатын көлемді композиция жасалды.

Жобаны іске асыруға шамамен бір апта уақыт жұмсалды. Оқушылар педагогтердің бағыт-бағдар беруімен бөлшектердің орналасу орындарын белгілеп, құрылым элементтерін жүйелеп, кейін оларды бірлесе құрастырып, түзетулер енгізіп отырды. Бұл ұзақ уақыт пен аса ұқыптылықты қажет еткен жауапкершілігі мол жұмыс болды.

Педагогтердің пікірінше, мұндай жұмыс балалардың моторикасын, зейіні мен топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше ықпал етеді. Жобаға барлығы бес оқушы қатысып, әрқайсысы ортақ нәтижеге өзіндік үлестерін қосты.
Әсіресе, жобаға белсенді қатысқан Жасмин мен Бейбарыстың еңбегі ерекше аталды. Олар осы жұмыс үшін үнемі уақытында келіп, қатысып, өздерінің жоғары қызығушылықтарын танытып отырған.

«Олар үнемі: “Қанеки, жұмысты жалғастырайық, аяқтауымыз керек, уақытында бітірсек жақсы болар еді”, – деп команданы үнемі ынталандырып отырды. Олардың табандылығы мен жобаны соңына дейін жеткізуге деген ықыластары бүкіл команда үшін үлкен мотивация болды», – дейді Жаналы Мақат.

Жоба қатысушылары портретке осы тұлғаны таңдаудағы себебін былай түсіндірді:

«Біздің Димаш Құдайбергенді таңдауымыздың бірден бір себебі оның біздің жерлесіміз болғаны. Ол тек өнердегі талантымен ғана емес, өзінің еңбекқорлығымен, қарапайымдылығымен және туған жеріне деген ерекше махаббатымен де басқаларға үлгі бола алады. Біз туған өлкеден қанатын кеңге серпіп ұшқан адамның ел мақтанышына айнала алатынын көрсетуді мақсат еттік».

Сондай-ақ, жоба авторларының пікірінше, бастаманың негізгі мақсаты – заманауи мектеп оқушыларының шығармашылық және техникалық мүмкіндіктерін көрсету мен туған жерінен нәр алған дарынды тұлғалардың өмір жолы арқылы жас ұрпақты шабыттандыру. Олар: Димаш Құдайбергеннің жетістіктері мен өздерінің бүгінгі мүмкіндіктерін байланыстыратын ортақ құндылықтар: сапалы білім, қажырлы еңбек және ерекше қолдау, — деп өз ойларын осылайша пайымдады.

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...