ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Мәдениет Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

Әлем Мәдениет Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында тәуелсіз театрлық жоба – «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді.

Қойылым махаббат, күрделі таңдау және кейіпкерлер бетпе-бет келетін ішкі қайшылықтар туралы баяндайды. Алайда спектакль тек жеке тағдырларды ғана емес, сонымен қатар адамның Алматымен рухани байланысы, мәдени жады және қалалық бірегейлік тақырыптарын да қозғайды.

Жобаның негізгі идеяларының бірі — Алматы бейнесін руханияттың, эстетиканың және шығармашылық интеллигенцияның орталығы ретінде қайта пайымдау болды. Спектакльдің көркемдік тұжырымдамасында қаланың символдары — алмалар, алма бақтарының хош иісі және Алматының өзі тірі эмоционалдық бейне ретінде ерекше орын алады. Оқиға желісі қаланың тарихи және мәдени маңызы бар орындарында өрбіп, өткен мен бүгіннің арасындағы байланысты көрсетеді.

Пьеса авторы – Қ. Мұрат, композиторы – Ә. Омарова. Қойылым режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева. Жобаның продюсері әрі басты рөлді сомдаушы Перизат образын сахналаған актриса — Индира Құлмағамбетова.

«Біз бұл спектакльді қазақ театр өнерінің шебері, педагог, профессор, Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың рухына арнауды жөн көрдік. Бұл — ұстазымызға деген құрметіміз бен рухани алғысымыздың белгісі», — деді актриса.

Қойылымға сондай-ақ Қасым Демеу, Қуаныш Қонысбеков, Әйгерім Қайратқызы және Елшат Мәметеков қатысты.

Спектакльдің жас ерекшелігіне байланысты шектеуі — 14+.

Билеттер: https://ticketon.kz/theatres/event/tckt2-spektakl-sizdi-suyem

Соңғы жаңалықтар

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...