ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері қазақ тіліндегі халықаралық жобаны таныстырды

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері қазақ тіліндегі халықаралық жобаны таныстырды

Dears Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері қазақ тіліндегі халықаралық жобаны таныстырды

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері қазақ тіліндегі халықаралық жобаны таныстырды

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері алты елдің өнерпаз жанкүйерлерін біріктірген «Omir» атты халықаралық шығармашылық жобаны ұсынды.

Бастамаға Коста-Рика, Мексика, Боливия, Аргентина, Уругвай және Чили елдерінен келген Dears қауымдастығының өкілдері қатысты. Жанкүйерлер қазақ тіліндегі «Omir» әнін орындау үшін бірікті, олардың айтуынша, бұл композиция Димаштың өзі үшін де, әлемдегі жанкүйерлері үшін де ерекше маңызға ие.

Әр қатысушы жобаға өз үлесін қосып, ортақ идея жолында дауысын, уақытын және шығармашылық еңбегін арнады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алты ел бір мақсатқа бірігіп, Димаштың шығармашылық жолына деген құрметін білдіріп, оның туған күніне орай «біртұтас үнге» айналды.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаш жанкүйерлері оның әндерін қазақ тілінде алғаш рет орындап отырған жоқ, олар ән мәтіндерінің мағынасын зерттеп, дұрыс айтылуын үйреніп, музыка арқылы Қазақстан мәдениетімен танысып келеді. Қатысушылардың сөзінше, дәл Димаштың шығармашылығы көптеген шетелдік тыңдармандарды қазақ тілі мен ұлттық мәдениетке қызығушылық танытуға шабыттандырады.

«“Omir” әні арқылы біз оған деген ең ізгі тілектерімізді, ерекше таланты үшін шынайы алғысымызды, сондай-ақ латынамерикалық Dears қауымдастығының Димашқа деген шексіз махаббаты мен қолдауын жеткізгіміз келді», — деп бөлісті жоба қатысушылары.

Соңғы жаңалықтар

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...