ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Dear-лар Baqytty Bala байқауында арнайы сый табыстады

Dear-лар Baqytty Bala байқауында арнайы сый табыстады

Dears Dear-лар Baqytty Bala байқауында арнайы сый табыстады

Dear-лар Baqytty Bala байқауында арнайы сый табыстады

«Арманға қадам» – Димаш Құдайбергеннің әлемнің 50 еліндегі жанкүйерлері балалар байқауының қатысушыларын марапаттауды жөн көрген.

Dear-лар әншінің шығармашылығына ғана сүйсініп қоймай, оның атымен аталатын барлық жобаларға белсенді атсалысады. Димаш Құдайбергеннің өзі жетекшілік етіп, жүзеге асырған Baqytty Bala балалар байқауы да жанкүйердің қызығушылығын оятты.

Dears Baqytty Bala қатысушыларының өнерін бақылап, оларды конкурста қолдап,  жетістіктеріне қуанады. Балалар да сүйікті әншілерінің жанкүйерлері тарапынан мұндай ерекше ықыласқа разы.

Baqytty Bala байқауының ІІІ маусымының өтетіні белгілі болған кезде клуб мүшелері бір марапатты өз аттарынан табыстауды ойға алып, бір ауыздан шешім шығарды. Олар марапатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр.

11 тамыз күні фестивальдің гала-концертінде 60 тан аса фан-клуб бірлестігі мен Dear-лар атынан «Арманға қадам» марапаты Ресейден келген Анна Глотоваға және Қазақстанның ең жас қатысушысы Алинур Хамзинге табысталды. Бұл 100 мың теңге көлеміндегі сертификат.

Арманға қадам Анна Глотова Dears Baqytty Bala
Анна Глотова, Baqytty Bala-2021

Арманға қадам Алинур Хамзин Dears Baqytty Bala
Алинур Хамзин, Baqytty Bala-2021

«Baqytty Bala фестиваліне қатысқан барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Бұл турнир олар үшін «арманға қадам» болсын деп тілейміз. Біз дарынды балалардың аянбай еңбек етуіне және олардың қатарынан Димаш сияқты талантты әншілердің өсіп-өнуіне қолдау көрсеткіміз келеді. Біздің қолдауымыз жас таланттарды жаңа шығармашылық шыңдарды бағындыруға шабыттандырса, біз де қуанамыз», — деп атап өтті Dear өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...