ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Анна Щербакованың "Аве Мария" қойылымына өз ойын білдірді

Димаш Анна Щербакованың «Аве Мария» қойылымына өз ойын білдірді

Dimash World Димаш Анна Щербакованың "Аве Мария" қойылымына өз ойын білдірді

Димаш Анна Щербакованың «Аве Мария» қойылымына өз ойын білдірді

2022 жылғы 20 ақпанда Бейжің олимпиадасында Димаштың орындауындағы Игорь Крутойдың «Аве Мария» композициясына Олимпиада чемпионы Анна Щербакова өзінің көрсетілім нөмірін ұсынды.


17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Анна Щербакова, әлемдік турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, керемет спорттық сипатқа ие болып қысқы Олимпиада ойындарының алтын медаліне ие болды.

Мәнерлеп сырғанаушының көрсетілімі үшін Димаштың «Аве Мария» вокализі таңдалды. Қазақстандық әншінің орындауындағы әсем әуенмен Анна көрермендерге ерекше жарқын әсер сыйлады.

Хореограф Даниил Глейхенгауз бұл қойылымның музыкасы мен хореографиясын мүмкіндігінше дәл үйлестіре отырып жасады. Әрбір әсем қозғалыс шығарманың тиісті музыкалық екпінінде көрініс тапты және оның сипатын дәл жеткізді. Ол нөмірді Аннаның жарқыраған элементтері бар ақ түсті костюмін толықтырды.

Нәтижесінде, барлық қойылым ерекше оқиға ретінде көрінді, онда дауыс пен мұз биінің тазалығы бір кішкентай, бірақ өте әдемі қойылымға біріктірілді.

«Мен бұл әнді шығарған кезде, менің ойымда періштенің бейнесі болды. Енді Аняның қойылымын қарап отырып, мен ойымда елестеткен бейнеге өте ұқсас екенін байқадым. Анна Щербакова менің орындауымдағы әнге шыққанына өте қуаныштымын, маған қойылым өте ұнады. Сізді жақсы көреміз! Сәттілік серігіңіз болсын! Табыс тілейміз!»,- деп түсіндірді Димаш.

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...