ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Бір адамның өмірін құтқару - үлкен марапат»

«Бір адамның өмірін құтқару – үлкен марапат»

Басты жаңалық «Бір адамның өмірін құтқару - үлкен марапат»

«Бір адамның өмірін құтқару – үлкен марапат»

2021 жылғы 16 қаңтарда Димаш Құдайберген Tixr американдық платформасында қайырымдылық сипаты бар Project C. U. R. E. коммерциялық емес ұйымымен бірге «Dimash Digital Show» онлайн-концертін өткізді.

Димаш пен project C. U. R. E.қайырымдылық ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығына» медициналық жабдықтар мен материалдарды жеткізілді.

Медициналық орталыққа кереуеттер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар, хирургиялық бас киімдер, қолғаптар, хирургиялық маскалар, көзілдіріктер, бетперделер, N-95 халаттар мен маскалар берілді.

2022 жылдың 21 ақпанында «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев, «DimashNews» редакциясы және жоба үйлестірушісі Қымбат Жақыпова «ҰҒОО»  барып, жеткізілген жүкті қарап, орталық қызметкерлерімен әңгімелесті.

«ҰҒОО» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаев «DimashNews» тілшісіне берген сұхбатында: «Қазіргі уақытта әлемдегі эпидемиологиялық жағдайда онкологиялық науқастарды емдеуге арналған жабдықтар мен материалдарды орталық белсенді қолданып жатыр. Кереуеттер палаталарға орнатылады, медициналық материалдар қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде», – деді.

Коронавирустық инфекциясы бар онкогематологиялық науқастарға арналған мамандандырылған бөлімде жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдары ерекше рөл атқарады. Бұл бөлімше «ҰҒОО» базасында ашылды, өйткені мұндай пациенттерді жалпы бейіндегі стационарларға жатқызу онкологиялық науқастардағы нөлдік иммунитеттің салдарынан өте үлкен қауіпке ие.

Кездесу қорытындысы бойынша Қанат Сатыбаев «ҰҒОО» атынан көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді.

Димаш Құдайбергенге оның жұмысында табыс тілеп, ауыр сырқаттың салдарынан өмірде ынтасын жоғалтқан көптеген пациенттер үшін шығармашылыққа баулу өте маңызды сәт болып табылатынын және адамдардың әрі қарай өмір сүруіне көмектесетінін атап өтті.

«Бұл көмек біз үшін шынымен мүмкін болатын көмек болды. Жоғарыда айтқанымдай, біздің орталықтың негізінде онкологиялық науқастарға арналған COVID-бөлімшесі ашылды, сондықтан біз оларды ковидтік стационарға жібермейміз және олар осында емделді. Бізге осындай міндет қойылды, біз оны толығымен іске асырдық және бізге берілген гуманитарлық көмекті қолдандық. Біз бұл мүмкіндікті науқастарымыздың игілігі үшін одан әрі пайдалануды жалғастырамыз. Бір адамның өмірін құтқару – үлкен марапат», – деді Қанат Сатыбаев.

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» 2018 жылы құрылды және бүгінгі күні Орталық Азия өңірі елдерінде онкология саласындағы жетекші ғылыми орталық болып табылады.

«ҰҒОО» – да жоғары білікті мамандар халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттерге онкологиялық көмек көрсетеді, онкологиялық ісіктер бойынша операциялардың барлық түрлерін жүргізеді, сондай-ақ бүйрек пен бауыр ауыстырып салуды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта елордада жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған жаңа онкологиялық орталық салу жобасы іске асырылуда, онда халықаралық тәжірибе белсенді пайдаланылатын болады.

«ҰҒОО» нәтижесінде ең озық технологиялар, сәулелік, лазерлік, протондық және ядролық медицина бөлімшелері ұсынылатын ғылыми-зерттеу зертханаларын, білім беру және клиникалық базаны қамтитын халықаралық деңгейдегі жетекші орталыққа айналады деп жоспарлануда. Пациенттер Қазақстан аумағында ерте диагностикадан бастап жоғары технологиялық емдеу мен оңалтуға дейінгі медициналық көмектің барлық кешенін шетелге шықпай-ақ ала алады.

Соңғы жаңалықтар

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері мектепке музыкалық аспаптар тарту етіп, өнерпаздың атымен кабинет ашты

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері музыкалық аспаптарға мұқтаж білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық бастаманы іске қосты. Жобаның мақсаты...

Димаш Құдайберген Бейжіңде өткен шығармашылық семинарға қатысып, «Voice Beyond Horizon» жобасының көрермендері мен командасына өз алғысын жеткізді

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығында Қытай–Қазақстан бірлескен «Voice Beyond Horizon» жобасына арналған шығармашылық семинар өтті. Іс-шара...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Астанада аяқталды

23 сәуір күні Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген негізін қалаған әрі атқарушы продюсерлік қызмет атқарған «Voice Beyond Horizon» жобасының...

«Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының жеңімпазы қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев атанды

Қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» жобасында бірінші орынды иеленіп, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды. Аталған жоба Қазақстанның халық...

«Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер Пейтшик Пласидо Доминго, HAUSER мен Димаш Құдайбергеннің концерті туралы

18 сәуір күні бір сахнада әлемдік деңгейдегі үш өнерпаз – маэстро Пласидо Доминго, Димаш Құдайберген және HAUSER қатысқан концерт...