ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды

Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды

Dimash World Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды

Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды

3 желтоқсанда Сербияның Белград қаласында «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

1979 жылы елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдау және ілгерілету, жұртшылықты әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру институты ретінде құрылған қор 26-шы рет көрнекті шетелдік тұлғаларға сыйлықтар табыс етті.

«Ағайынды Карич қоры» сыйлығына бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері ие болған. Әр жылдары физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. Алферов, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. Хандке, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, кинорежиссер Э. Кустурица, теннисші Н. Джокович, актер С. Сигал, ТҮРКСОЙДЫҢ бұрынғы Бас хатшысы Д. Касеинов марапатқа ие болған.

Биылғы жылы сыйлыққа ұсынылған ерекше тұлғалар арасында Қазақстанның дарынды әртісі Димаш Құдайберген де марапатқа ие болды.

Қордың Директорлар кеңесінің пікірінше, Димаштың айрықша вокалдық деректері, оның классикалық және заманауи стильде орындаудың әртүрлі нысандарын біріктірудің керемет қабілеті, көп жылдық жұмыс пен оқудың нәтижесі ретінде кез келген нотаны орындаудың бірегей мүмкіндіктері әртісті Қазақстан мәдениетінің жарқын өкілі, өз ісінің табысты маманы ретінде атап өтуге мүмкіндік береді.

«Біздің Директорлар кеңесі осындай маңызды әртіс сыйлықтың ізашарларының, осы жолдағы таланттардың алтын сериясының жалғасы болуға лайық екендігімен бірауыздан келіседі, бұл біздің достас елдеріміз арасындағы қарым — қатынасты нығайтады», — деп атап өтті Сербиядағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы, ағайынды Карич қорының негізін қалаушы Миланка Карич.

Сербияның орталық мәдени шарасы Серб мәдениеті мен дәстүрін айқындайтын мәдени мұра нысаны — Белградтағы Ұлттық театрда өтті.

Ұлттық театрдың керемет сахнасында Димаш әр түрлі композициялар ұсынды: қазақтың халық әні «Самалтау» және Игорь Крутойдың «Mademoiselle Hyde» шығармасы, осылайша өз шығармашылығының әр түрлі қырларын көрсетті.

Димаш ағайынды Карич қорының құрылтайшылары мен Директорлар кеңесіне иарапатқа лайық деп танығаны үшін алғысын білдірді, халықаралық жобалардың, соның ішінде өнер саласындағы елдер арасындағы достық пен өзара дамуды қолдау мүмкіндіктері ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...